Айдар парағына өту

Туристік агенттікті қалай ашуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.09.2023

ноутбук, глобус және телефонмен қыз

Туристік агенттік қызмет – туроператор қалыптастырған туристік өнімді іске асыру және асыру бойынша  жеке және/немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі.

Қазақстан Республикасының туроператорлық қызметті рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түрі болып табылады. Алайда туристік агенттікті ашуға лицензия талап етілмейді.Турагенттік қызмет хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады. Сол себепті, егер сіз турагенттік ашуды жоспарласаңыз, жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркеу алғашқы қадам болып табылады.

Турагенттікті қалай тіркеген дұрыс? 

Өз туристік агентігін ашуды жоспарлай отырып, көптеген бизнесмендер оны қалай тіркеу дұрыстығы туралы ойланады: жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде . Әр форманың өзіндік оң және теріс жақтары бар.

Жеке кәсіпкердің негізгі артықшылықтарының бірі ЖК ретінде фирманы ресімдеу неғұрлым жеңілірек, ол үшін дайындалатын құжаттар да, кететін уақыт та аз және неғұрлым үнемдірек. Сонымен қатар, ЖК салық салудың және бухгалтерлік есептілікті жүргізудің қарапайым формасына ие. ЖК әкімшілік жауапкершілігі неғұрлым аз, алайда серіктестер және клиенттер алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Мысалы, егер жеке кәсіпкер қарызды жаба алмаса ол өзінің несиегерлеріне өз мүлкінен төлеуге міндетті. Бұл әрине үлкен кемшілік. ЖК тағы бір теріс белгісі, ол қоса құрылтайшылық мүмкіндігін шығарады, ол қоса құрылтайшылық мүмкіндігін жояды, себебі ол тек бір адамға тиісті.

Турагенттікті ЖШС ретінде тіркеудің артықшылығы ЖК  қарағанда фирма құрылтайшылары бірнеше болуы мүмкін, осылайша сіз серіктестермен өз бизнесіңізді жүргізіп, өз ісіңізді кеңейте аласыз, филиалдарды аша аласыз. Сондай-ақ бизнесті ұйымдастырудың осында нысанының қаупі аз, компания қарыздары бойынша  оның жарғылық қапиталының мөлшерінен аспайтынын атап өткен жөн. Алайда бизнесті жүргізудің осы нұсқасын таңдауда бірқатар кедергілер бар: дайындауға көптеген  уақыт өтетін құжаттарды ұсыну талап етіледі. Сондай-ақ ЖШС есептілікті жүргізу үшін бухгалтер талап етіледі. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есептілігі анағұрлым күрделірек және басшының барлығын өзі жасауы екіталай: кәсіби қызметке жүгіну қажеттілігі туындайды.

Енді сіз  бизнесті ұйымдастыру нысандарының оң және теріс жақтары туралы пікіріңіз бар және олардың қайсысы неғұрлым ыңғайлы екенін анықтай аласыз.

Туроператорды таңдау

Әрі қарай турагентке қалыптасқан қатынастар жағдайында аталған фирма үшін арнайы қызметтер пакетін әзірлеп, ұсыныстар мен жаңа турларды сатуға енгізу туралы фирманы хабардар ететін өзінің туроператорын таңдауы қажет.

Туроператорлық қызметті жүзеге асыру туристті міндетті сақтандырудың жарамды шарты болғанда рұқсат етіледі. Туристті міндетті сақтандыру мақсаты туристік қызметтерді көрсету бойынша туроператор қызметін жүзеге асырудағы туристердің мүліктік және (немесе) өзге мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Турагент Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылған туроператор туристерге қалыптасқан туристік өнімді ғана ұсынады және іске асырады. Туроператор және турагент туралы мәліметтер туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттік тізіліміне олардың өтініштері негізінде енгізіледі.

Туристік өнімді турагенттің ұсынуы және іске асыруы жазбаша түрде туроператормен жасалған туристік өнімді іске асыруға агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады. Туроператор және турагент арасындағы туристік өнімді іске асыруға агенттік шарт  туристік өнім туралы нақты ақпаратты, туристік маршрутті сипаттау, тураоператор туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтуы мүмкін.

Барлық жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін сізге төмендегілермен айналысу қажет:

  • бөлмелерді іздеумен;
  • бөлмелерді жөндеу және декорлау;
  • оргтехникамен бөлмелерді жабдықтау;
  • персоналды іздеу;
  • клиенттерді іздеу және жарнама.  

Клиент таңдаған тур авиа билетті беру үшін сізге оларды беретін қандай да бір авиа-агенттігімен шарт жасасу қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.