Айдар парағына өту

Баланың басқа қалаға немесе шетелге ата-анасыз немесе олардың бірімен шығуы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 25.09.2020

Баланы басқа қалаға жіберуге бел будыңыз, бірақ өкінішке орай сізді де жұбайыңызды да жұмыстан жібермейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Баланы жалғыз өзін немесе алып жүретін басқа адамдармен басқа қалаға немесе шетелге жіберуге бола ма және қандай көлікпен: ұшақ, автобус немесе поезд екендігінің қандай ерекшелігі бар екені туралы біліңіз.

ҚР ішінде жол жүру

Егер баланы ұшақта жіберсеңіз

Жолаушыларды, багажды және жүкті ауа көлігінде тасымалдау ережелеріне сәйкес балалар ұшақта алып жүрумен, сондай-ақ ересек жолаушыларсыз да ұша алады. Алып жүретін адам баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса нотариуста расталған сенімхатты рәсімдеу қажет. Ішкі әуе жолдарында балалар 6 жастан 16 жасқа дейін ата-аналарсыз  және ешкімге сеніп тапсырылмастан жіберіле алады. Ешкім алып жүрмейтін балаларды әуе компаниясы тасымалдауға тек ата-анасының (асырап алушылардың, қамқоршылардың) жазбаша өтінішінен кейін ғана қабылдай алады. Өтініште баланың ата-анасы баланы ешкімнің алып жүруінсіз жіберу айғағын растайды, сондай-ақ шет елдің атауы мен шығу мерзімі. 6 жасқа дейінгі балаларды тек кәмелетке толған жолаушылар ғана алып жүре алады.

 

Егер баланы поездбен жіберсеңіз

Ұшақтан айырмашылығы теміржол көлігінде 15 жасқа дейінгі балаларға алып жүретін адамсыз жүруге тыйым салынады. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау қол жүгі және теміржол қағидасына сәйкес  баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасында немесе поездға отыруда баланы алып жүру құқығына құжатты көрсетеді (нотариалды расталған сенімхат). ҚР шегінде ата-анасының бірінің ғана сенімхаты жеткілікті. Егер бала ата-анасының бірімен жол жүрсе, онда екінші ата-ананың сенімхаты талап етілмейді. 15 жасқа дейінгі және одан үлкен балалар темір жол көлігінде ересектерсіз дербес жүре алады.

Баланың шетелге шығуы

Егер екінші ата-ана басқа елде тұрса, баланың шығуына оның келісімі керек пе?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.