Айдар парағына өту

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырманы төлеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.07.2023

Қазақстан зейнетақы жүйесі инфляцияны ескере отырып міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Бұл 207-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексі, сондай-ақ мемлекеттің осы кепілдіктерді орындау Қағидаларында жазылған.

Қағидаларға сәйкес, қазақстандықтар нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, инфляция деңгейін ескере отырып міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомасының арасындағы айырмасының төлемін алу бойынша есеп алуға құқығы бар.

Бұл төлем бір жолғы және арнайы формулаларға сәйкес есептеледі.

Мемлекеттік кепілдік төлемін алуға кім құқылы?

Мемлекеттік кепілдік төлемі бойынша есеп құқығын:

  • зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар, зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектікті мерзімсіз тағайындалған тұлғалар, БЖЗҚ-нан зейнетақы жинақтарын алған күнге;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығып кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу күніне;
  • қайтыс болған жағдайда, төлем алуға құқығы бар тұлғаның мұрагерлері ала алады.

Төлем сомасын есептеугеге құжаттарды тапсыру үшін сенім білдірілген адам (нотариаттық сенімхат болған жағдайда) жүгіне алады.

Қайда жүгіну қажет

Зейнетақы төлемдерін алатын жасы бойынша жеткен зейнеткерлерге, мемлекеттік кепілдік төлемінің есебі базалық зейнетақы төлемдері тағайындалғаннан кейін проактивті қағидат бойынша өтініш пен қосымша құжаттарды ұсынбай-ақ жүргізіледі.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеуге құқығы бар қалған адамдар "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-ға – халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Шетелдіктер келесі құжаттарды ұсынады:

  • өтініш;
  • шетелдік паспорт;
  • банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
  • егер шетелдіктің атынан оның сенім білдірілген адамы жүгінген жағдайда, онда қажетті құжаттардың барлық көшірмелері нотариалды куәландырылуға тиіс.

Сенім білдірілген тұлғалар өзінің  жеке басын куәландыратын құжатты, сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс.

Қағидалардың 2-бөлімінің 8-тармағына сәйкес айырма төлеуге құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бұл ретте мұрагер:

  • нысан бойынша өтініш;
  • мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);
  • айырманы төлеуге құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі;
  • мұрагердің банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Өтініштерді қарау тәртібі

Мемлекеттік кепілдікті есептеу мысалдары

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.