Айдар парағына өту

Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.12.2023

Қазақстан Республикасының азаматтары ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде  дәрілік заттармен қамтамасыз етілуге құқылы.

Денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган негізгі дәрілік заттардың тізімін бекітеді. Тізім негізінде әрбір медициналық ұйым дәрілік формуляр құрып, азаматтарға көрінетін орындарда орналастырылады. 

Тегін таратылатын дәрілік заттарға медициналық ұйымның арнайы таңбасы қойылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен ұйымның бекітілген формуляры негізінде қамтамасыз етіледі.

  1. Жедел медициналық көмек көрсету кезінде.
  2. Стационарлық, стационар орнын басатын медициналық көмек көрсететін, шипажайлық-курорттық емдеу жүргізетін медициналық ұйымдарда.

Дәрілік заттар медициналық көмектің кепілденген көлемнен асып кетсе, төлемді негізде беріледі. 

Стационар нысанында үйде амбулаторлық және стационар орнын басатын медициналық көмек көрсету кезінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету былай жүзеге асырылады:

  1. Ауру түрлерінің тізімі мен халықтың жеке санаты үшін ақысыз және жеңілдік жағдайындағы нұсқаулық бойынша.
  2. Толық бағасы үшін.

Дәріханалық ұйымдар дәрілік заттарды бөлшектеп жүзеге асырады:

  1. Дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша.
  2. Нұсқаулықсыз.

Алыстағы ауылдық мекендерде дәріханалық ұйымдар жоқ болса, дәрілік заттар ақысыз және жеңілдік жағдайында бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқылы таратылады.

Ақысыз және (немесе) жеңілдік нұсқаулығы бойынша дәрілік заттар алу үшін мыналар қажет:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат.
  2. Ауру баланың туу туралы куәлігі (немесе оның нотариалды бекітілген көшірмесі).

Туберкулезбен ауыратын азаматтар туберкулезге қарсы мекемелер арқылы туберкулезге қарсы дәрілік заттармен амбулаторлық емдеу кезінде тегін қамтамасыз етіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.