Айдар парағына өту

Дәрі-дәрмектерді кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмекпен көтере сатып алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 09.09.2021

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу тәртібі "Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 Қаулысымен регламенттеледі және мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:

1) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
3) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

4) отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:

1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;

4) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

Дәрілік заттарды сатып алу ерекшеліктері:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

1) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықты қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің болуы арнайы көлік құралындағы медициналық техниканы сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеу.

Жиынтықтаушы медициналық техниканы (жеткізу жиынтығын) тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;

2) Сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі.

Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарын арттыруға рұқсат етіледі;

3) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын, хабарландырудағы немесе сатып алуға шақырудағы бағаны ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) сауда атауы (бар болса) бойынша шекті бағаларды көтермеу;

4) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;

5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалаудың, тұтыну қаптамасының және қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі;

6) Тапсырыс берушіге өнім берушінің беру күніне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

  • қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса;
  • қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды.

 7) Бірыңғай дистрибьюторға өнім берушінің беру күніне сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

  • сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде елу пайызын;
  • сатып алу жүргізілетін алдыңғы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде он екі айын құрайды.

8) Жұмылдыру резерві аясында жеткізілетін, сондай-ақ осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

  • қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
  • қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

9) Тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне вакциналардың жарамдылық мерзімі:

  • қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
  • қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

10) Жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсаты бойынша пайдалану үшін тапсырыс берушіге ұсынылатын бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының ауыспалы қалдықтары үшін осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жарамдылық мерзімінен аз құрайды;

11) Медициналық техниканың жаңалығы, оның пайдаланылмағандығы және жеткізу сәтіне дейінгі жиырма төрт ай кезеңінде өндірілуі;

12) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне өлшеу құралдарына жататын медициналық техниканы енгізу.

Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді жабық күйінде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу тәртібі "Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 Қаулысының 57-66 тармақтарында аталған мәліметтерді қамтуы тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.