Айдар парағына өту

Азаматтарды әскери қызметке даярлау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.11.2023

Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтар мен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілер мен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.

Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1) бастапқы әскери даярлықты;

2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;

3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;

4) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты қамтиды.

Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Бастапқы әскери даярлық  

Азаматтар мен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.

Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылар алдында одан өтедi.

Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.

Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау

Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау

Азаматтарды жоғары білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау  

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.