Айдар парағына өту

Ashyq қосымшасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.09.2021

«Ashyq» қосымшасы карантиндік шаралар кезеңінде бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық орындарға шығу үшін азамат «Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-кодты сканерлейді және кіре берісте қосымшада көрсетілген тәуекел рейтингін ұсынады.

Ashyq жобасының мақсаты

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялануға және келушінің мәртебесін: «ол осы сәтте вирус тасымалдаушы ма, жоқ па...» анықтауға мүмкіндік береді.

Бизнес үшін бұл - карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға, сондай-ақ Covid-19 таралу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді және  жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқартады.

Қосымшаны пайдалану - кәсіпкерлер үшін де, азаматтар үшін де тегін.

Бұның халыққа қандай пайдасы бар?

Қауіпсіздік. Бүгінгі күні COVID-19-дың кез келген түрімен (симптомдық  не симптомдық   емес) ауырған әрбір адам үй жағдайында карантин режимін сақтауға міндеттеме алады және оны қолхатта өзі қол қою арқылы растайды. Алайда, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу фактілері көптеп кездеседі. Ауырған немесе жақын байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.

Қосымша осындай келушілерді анықтауға мүмкіндік береді және басқа қонақтар мен персоналға вирус жұқтыруға жол бермейді.

Ashyq қосымшасы қалай жұмыс істейді және оны қалай пайдалануға болады? 

Ashyq сервисі тегін мобильді қосымшалар түрінде iOS және Android-те, сондай-ақ веб-нұсқа арқылы қолжетімді. Болашақта оны басқа да әлеуметтік маңызды eGov Mobile сияқты мобильді қосымшалармен және банктердің қосымшаларымен интеграциялау жоспарланып отыр.   

Қосымшамен жұмыс істеу процесі былайша болады:

Ashyq жобасының қатысушысы болып табылатын мекемеге кірген кезде келуші өз телефон нөмірі арқылы қосымшаға кіріп авторизациядан өтеді, өзінің ЖСН енгізеді және өзінің келгенін тіркеу үшін мекеменің QR-код сканерлейді.

Түс түріндегі бұл мәртебені мекеменің жауапты қызметкеріне көрсету керек, түсіне байланысты сізді кіргізеді немесе мекемеге кіруге рұқсат бермейді. 

  • Қызыл мәртебе қозғалысты шектеу, амбулаторлық қадағалаудағы тұлғалар үшін   үй оқшауының қатаң режимін сақтау керектігін білдіреді.
  • Сары  –қозғалысты ішінара шектеу - пайдаланушы коронавирустың ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде белгіленген болса: пациентке үй оқшауының режимін қатаң сақтайтын орыннан 500 метрден ары емес орналасқан азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. 
  • Көк мәртебе – ПТР міндетті болатын орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеу қойылмайды. 
  • Жасыл мәртебе қозғалысқа шектеу жоқ және пайдаланушы деректер қорында COVID-19-ға ПТР тесттен теріс нәтиже көрсеткен ретінде белгіленген дегенді білдіреді.

Егер келуші кірген кезде Ashyq пайдаланудан бас тартса, онда мекеме оған қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы, өйткені клиент вирусты таратудың әлеуетті көзі болуы мүмкін және айналасындағыларға әрі персоналдарға қауіп төндіруі ықтимал. 

Маңызды!  ЖСН туралы деректер ешқайда берілмейтіндігін,  қосымшаның профилінде қалатындығын атап өткен жөн.  ЖСН бойынша QR-кодты сканерлеу кезінде пайдаланушының мәртебесі ғана тексеріледі.

Одан басқа,  қосымшада халықтың қозғалысын қадағалау мақсаты жоқ,  оның міндеті – жұқтырғандар мен байланыста болған тұлғаларға қоғамдық орындарға кіруді шектеу әрі ауру тәуекелін азайту.

Азаматтарға консультация беру үшін Call-центр– 1414.

Мекеме иелері  Ashyq-қа қалай қосыла алады?

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ashyq  жобасының кәсіпкер қатысушылары  QR-код алу  үшін infokazakhstan.kz. сайты арқылы өтінім береді. 

Жоба талаптарын сәйкестікке тексергеннен кейін  (ЭҚЖС), жеке кабинетте код көрсетіледі,  ол оқуға және тестілік режимде бір апта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЭҚЖС коды объектісінің сәйкес келмеуі «Ashyq» пилоттық жобасына қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.

Қоғамдық тамақтану мекемелері мен кинотеатрлардың иелері алдын ала бейіндік қауымдастыққа өтінім жолдап, содан кейін infokazakhstan.kz. сайт арқылы QR-код алуы қажет.

QR-код алғаннан кейін бизнес субъектілері өзінің мекемесінде келушілерді, олардың  кіру үшін Ashyq-ты пайдалану қажеттілігі туралы хабарламасын тексеруді ұйымдастыруы тиіс.

Егер келушінің  өз бетінше мәртебені тексеруге  мүмкіндігі болмаса,  онда бұл рәсімді мекеме әкімшісі/қызметкері «Күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімін ала отырып, ЖСН нөмірін базаға кіргізу арқылы жүзеге асыра алады. Мекеме үшін «Күзетші» режимін қалай қосу туралы мына жерден білуге болады.

Шыққан кезде QR-кодты сканерлеу қажет емес.

Техникалық ақаулар туындаған кезде қосымшаның бөліміндегі Aitu қазақстандық  мессенджер  арқылы "ASHYQ" қосымшасының қолжетімді баламалы нұсқасы сілтеме бойынша.            

 Бизнес субъектілеріне консультация беру үшін Call-центр – 1432.

 «Сары» және  «қызыл» мәртебелері қанша уақыт сақталады?

Егер адам байланыста болған не жұқтырған болса, онда ол үй карантинінде 14 күн болады. 14 күннен кейін оған автоматты түрде «көк» деген мәртебе беріледі,  үй карантині аяқталғаннан кейін ол теріс ПТР тест алса, онда оған «жасыл» деген мәртебе беріледі.

«Қызыл» мәртебе оң ПТР тест болған күннен бастап 14 күн мерзімі біткеннен кейін алынады.

Теріс нәтиже алғаннан кейін мәртебе «жасылға» ауыстырылады, ол 3 күн сақталады. Егер қайталама тест тапсырылмаған болса, онда мәртебе «көк» болады.

«Сары» мәртебесі бар тұлғалардың (байланыста болғандар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар тұлғамен байланысы болған күннен бастап 14 күнтізбелік күн мерзімі біткеннен кейін мәртебесі «көкке» ауыстырылады. 

Ashyq жобасының кәсіпкер қатысушыларының жауапкершілігі 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектілері келушінің мәртебесін QR- код арқылы немесе ЖСН бойынша тексереді. «Ashyq» жобасына қатысушыларда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда іс-шаралар мониторинг топтармен жүзеге асырылады.         

Жұмыстың қолданыстағы алгоритімін бұзған қатысушы мониторинг тобының нәтижелері бойынша жобаға 2 аптадан ертерек келе алмайды.Мониторинг тобының нәтижелері бойынша жұмыстың алгоритімін қайта  бұзған қатысушы жобаға  2 айдан  ертерек келе алмайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.