Айдар парағына өту

Университеттердегі әскери кафедра: студенттерді іріктеу және оқуға түсу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.04.2021

әскери студенттер

Қазақстанда қазіргі уақытта әскери кафедрадан ерікті негізде өту. Әскери кафедраға түсу - әскери офицер запасына әрі қарай қабылдану мүмкіндігі. Запасқа қабылдану үшін әскерге бару керектігі баршамызға белгілі. Әскери кафедралардың түлектеріне бұл талап етілмейді, себебі әскери қызметке алу үшін тек запасқа енбегендер шақырылады.  

Әскери кафедраға қалай түсуге болады?

Әскери кафедраға конкурс өтетін жылы 25 жастан үлкен емес жастағы, сотталмаған, тек қана оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер түсе алады.

Әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу ҚР ҚМ әскери кафедраға жыл сайын қабылдау жылының 1 наурызына дейін жолдайтын қабылдау жоспарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі.

Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды қабылдау жылының 20 мамырында аяқтайды, ал медициналық куәландыру нәтижелерін конкурсты өткізу жылын қоса алғанда қабылдау жылының 31 мамырында аяқтайды.

Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды қабылдау жылының 20 мамырында аяқтайды, ал медициналық куәландыру нәтижелерін конкурсты өткізу жылын қоса алғанда қабылдау жылының 31 мамырында аяқтайды

Студенттерді әскери кафедрада оқытуға іріктеу үшін конкурс мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

  1. бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) медициналық куәландырудан өту;
  2. екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізу;
  3. үшінші кезең – дене дайындығын тексеру.

Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңін өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі,ал екінші және үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.

Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Әскери кафедрада оқуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент  мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік (түпнұсқа  немесе көшірме );
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа  немесе көшірме);
  4. 3х4  өлшемдегі 2 фотосурет;
  5. Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың бар болған жағдайда біреуінің не қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі
  6. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №12055 тіркелген) сәйкес  нысандағы  соттылалғандығы бар болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  7. Спорттық разрядын,ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы,соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы,сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын (құжат бар болған жағдайда;
  8. Жеке істі ресімдеуге көрінетін екі файл.

Әскери кафедраларда оқу қалай өтеді?

Студенттердің әскери даярлығы қосымша оқыту түрі болып табылады және студент жігіттер үшін теориялық және практикалық оқу курстарына, оқу-жаттығу жиынынан немесе студент қыздар үшін кәсіби практикадан тұрады. Әскери даярлыққа барлығы 588 академиялық сағат, олардың ішінде 360 академиялық сағат ӘОО-ға және 228 академиялық сағат оқу-жаттығу жиындарына (студент қыздар үшін кәсіби практика) бөлінеді.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық өтелмейтін және өтелетін негізде жүзеге асырылады. Өтелетін негізде оқуға өтелмейтін негізде оқу үшін конкурс шарттарынан өтпеген және өтелетін негізде оқу үшін іріктеу бойынша комиссия ұсынған студенттер тартылады..

Әскери кафедрадағы сабақтар «әскери күн» әдісімен жүргізіледі, яғни оқу кезеңінде әскери кафедрадан өту үшін бір күн беріледі. Медициналық ЖОО әскери кафедраларында ЖОО ректорының бұйрығымен ЖОО-дғаы оқу ерекшелігін ескерумен студенттердің әскери дайындығын басқаша ұйымдастыру орнатылуы мүмкін.

Әскери дайындықтан шеттету ЖОО басшысының бұйрығымен мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

  1. үлгермеушілік;
  2. ЖОО басшысымен бекітілетін (еркін нысанда) ішкі тәртіпті бұзғаны үшін;
  3. науқастануы, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша босатуларды қоспағанда академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының 18 сағатын босатуы;
  4. өз еркімен;
  5. денсаулық жағдайы бойынша;
  6. өтеулі негізде оқыған жағдйда оқу үшін төлем жасамағаны.

 1)-5) тармақшасы бойынша шеттетілген оқитындар әскери даярлыққа қайта қабылданбайды, 6)  тармақшасы бойынша шеттетілгендер  шеттету туралы бұйрық шыққан сәттен бастап бір ай ішінде оқу үшін төлем жасаған кезде қайта қабылданады.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын бітірген және бітіру емтиханын  тапсырған білім алушылар ЖОО бітірген соң «запастағы лейтенант» «запастағы медицина қызметінің лейтенанты» әскери атақты беруге  ұсынылады.

ҚР ЖОО ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРАЛАР

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.