Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн
Бірыңғай байланыс орталығы
14148-800-080-7777
Қоңырау шалу тегін

Қоғамдық қолжетімді орындары

Айдар парағына өту

Қоғамдық қолжетімді орындары (ҚҚО) - мемлекеттік қызметті Интернетке қосылмай қашықтықтан алуға мүмкіндік беретін сырттай банкоматқа немесе мультикассаға ұқсас қондырғы (төлемдерді қабылдау қондырғысы). Алайда ҚҚО-дан анықтама алу үшін алмалы тасығышта электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. ҚҚО-лар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тарда, сондай-ақ әкімдіктерде, әуежайларда және адамдар көп жиналатын өзге жерлерде орналасқан.

ҚҚО-лардың көмегімен анықтамалық ақпарат алуға, құжаттар мен анықтамаларды ағаз жүзінде басып шығаруға, виртуалд қабылдау бөлмесіне өтініш жолдауға, үкіметпен диалогқа қатысуға, электрондық почтамен жұмыс істеуге болады.

Қоғамдық қолжетімдік орындары арқылы көрсетілетін қызметтер тізілімі

ҚҚО-ларда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалануға арналған usb-панельдер орнатылған. ЭЦҚ арқылы сіз келесі мемлекеттік қызметтерді бірнеше минутта ала аласыз:

 

Сондай-ақ ҚҚО арқылы айыппұлдар, салықтар мен өсімақылар төлеуге болады:

 

Қолдану бойынша нұсқаулық

ҚҚО – Интернет желісіне лимитсіз қосылған, сенсорлық дисплеймен, экрандық пернетақтамен, принтермен және дыбыс қондырғысымен жабдықталған толыққанды.  Ақпарат алу үшін сенсорлық экранның сол жақ жоғарғы бұрышында көрсетілген көмекші графикалық элементтерді (түймешелерді) пайдалану үшін қажет:

  • 1-түймеше — «Алға»
  • 2- түймеше — «Артқа»
  • 3- түймеше — «Тоқта»
  • 4- түймеше — «Сеансты аяқтау».

1) Жұмысты бастау үшін курсорды оң жақ жоғары бұрышта орналасқан «мекенжай жолына» орнату қажет. 

2) Төменде берілетін мәзірден таңдаңыз немесе сол жақ төменгі бұрышта орналасқан «экрандық пернетақта» көмегімен ақпараттық ресурстың мекенжайын теріңіз.

3) Ресурстың парақтары бойынша қозғалу және экрандағы парақтарды басқару үшін түймешелерді пайдалану қажет. 

4) Таңдалған нысанды басып шығару үшін сол жақ төменгі бұрышта орналасқан «басып шығару» түймешесін басу қажет.

Қоғамдық қолжетімдік орындары алғаш рет 2006 жылы пайда болды. Олардың саны жыл сайын арта түсті. Қоғамдық қолжетімдік орындары Қазақстан халқы арасында Интернетті дамыту, мемлекеттік және өзге ақпараттық ресурстарға тең құқылы қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында құрылды. ҚҚО-лар мегаполистер мен ауылдық аудандар арасында ақпараттық теңсіздік шекараларын жояды.

Cоңғы өзгеріс: 07.04.2016

URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.