Айдар парағына өту

Қазақстандағы үлескерлік құрылыс Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 09.03.2023

каска киген ер адамдар құрылыс алаңына қарап тұр

Әрқайсымыз өз үйіміздің болуын армандаймыз және оны сатып алудың әртүрлі мүмкіндіктері бар. Сіз тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорынан  жергілікті атқарушы органда кезекте тұру арқылы ала аласыз, өз есебіңізден жеке тұрғын үй сала аласыз немесе үлестік құрылысқа қатыса аласыз.

Қазақстандағы үлестік құрылыс - жылжымайтын мүлік нарығының  өсуі және азаматтардың оған мұқтаждығын ескеретін болсақ,  бұл  кеңінен таралған тәжірибе.  Үлескерлік құрылыстың бірқатар артықшығы бар, олардың бастысы қайталама тұрғын үймен салыстырғанда,  бағасы төмен болып табылады. Сонымен қатар, белгілі бір тәуекелдер бар, мысалы, тікелей тұрғын үй құрылысының бітуін ұзақ күту немесе шартты рәсімдеу кезінде құрылыс салушының (уәкілетті компанияның) алдауы немесе күткендей болмауы. Бұл мақалада сіз жылжымайтын мүлікті үлестік құрылыс арқылы сатып алу кезінде күтпеген жағдайлардан аулақ болу үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігін біле аласыз

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі  Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары. Қарапайым сөзбен айтқанда-сіз ақша төлейсіз, ал сізге тұрғын үй салып беріледі.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл шартта  бір Тарап көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін екінші Тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беруге, ал екінші Тарап – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті төлеуге және қабылдауға міндеттенеді.

Үлескер - көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға.

Осы Заңның 12-бабында қарастырылғандай, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар, сондай-ақ талап ету құқығын басқаға беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, уәкілетті компанияның ұсынысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда есепке алуға жатады. 

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

  • кепілдік беру қорынан кепілдік алу;
  • екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
  • тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын өзге тәсілдермен тартуға тыйым салынады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру •     Бірыңғай оператордың кепілдігін алу

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен  ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы мынадай талаптарға сай болуы қажет:

  • көппәтерлі тұрғын үйлерді салған құрылыс объектілері бойынша  республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін салуы, тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы;
  • аудиторлық қорытындымен расталған, қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер шегерілгеннен кейін қалған активтердің болуы;
  • қарыз бен меншікті капиталдың арақатынасы арқылы есептелген коэффициенттің шамасы көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға қабылданғанға дейін көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кезеңінде жетіден аспауы тиіс.

Тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияда келесілер болуы міндетті:

  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;
  • кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
  • осы Заңның  20 бабына  сәйкес жұмсау үшін жоспарланған ақшасы және (немесе) егер жер учаскесі меншік құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он пайызы көлемінде немесе егер жер учаскесі мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он бес пайызы көлемінде орындалған жұмыстар актілерімен расталған аяқталмаған құрылысы;
  • құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасы;
  • көппәтерлі тұрғын үй құрылысының мердігерлік шарты.

Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде Бірыңғай оператор уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасы құжаттарына тексеру жүргізеді және кепілдік беру туралы шарт жасасады.

Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады және құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуын талап етпейді.

Тұрғын үй құрылысына екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу тәсілімен  үлестік қатысуды ұйымдастыру.

Тұрғын үй құрылысына екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу тәсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесі болуы тиіс.

Тұрғын үй құрылысына екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен  үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;
  • кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы болуы міндетті.

Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания құрылысты аяқтау үшін жеткілікті сомаға көппәтерлі тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың әзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін алу үшін екінші деңгейлі банкке өтініш жасайды.

Көппәтерлі тұрғын үйді қаржыландыру дайын болған жағдайда екінші деңгейдегі банк инжинирингтік компаниямен шарт жасасады.

Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына өтініш жасайды.

Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолданған және оны өткізген кезде екінші деңгейдегі банк тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалған кезден бастап үлескерлердің сенім білдірілген тұлғасы деп танылады.

Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

Көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр  көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және пайдалануға беруге міндетті.  Бұл ретте құрылыс салушының еншілес мекемелерінің жиынтық тәжірибесі ескеріледі. 

Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компания: 

  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;
  • кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
  • инжинирингтік компанияның есебімен расталған көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы;
  • инжинирингтік компаниямен шарт.

Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы Заңның 10 бабында белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18 бабында көзделгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды.

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алғаннан кейін уәкілетті компания осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен көппәтерлі тұрғын үй салуды ұйымдастырады.
 Уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде үлескерлер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияның банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.

Уәкілетті компания банкрот болған кезде үлескерлер көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылыс кооперативін құруға құқылы.

Жоғарыда көрсетілген үш тәсілмен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан аспайтын қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызын сатып алады

Бұл ретте құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау жөніндегі өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі осы Заңның 15-бабына сәйкес жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

Сонымен қоса, құрылыс барысына, үлескерлердің ақшасын нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу, жобалау құны шегінде орындалған жұмыстардың көлемін тексеруді инжинирингтік компания жүзеге асырады.

Үлескерлердің құқықтары мен міндеттері

үлескер құқығы:

  • уәкілетті компаниядан ақпарат алуға;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге құқылы.

үлескер міндетті:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті  компанияның банктік шотына аудару тәртібімен ақша салуға;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;
  • көппәтерлі тұрғын үйді тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға;
  • іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.