Айдар парағына өту

Қазақстанда қаруды тіркеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.03.2023

Атыс қарудыын сатып алу және тіркеу  

атыс қаруы

 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан республикасы Заңының  15 бабына сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін азаматтық қару иемденіп алуға құқығы бар.  

Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.

Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден - заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.

Тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

Тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға аңшы куәлігі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.

Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:

1) аңшылық атыс қаруы: ойық ұңғылы – екі бірліктен; тегіс ұңғылы – екі бірліктен;

2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс.

Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, электрлі қаруды ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

Жеке және заңды тұлғалар «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және тасымалдауға, жүгінуге рұқсат сұрай алады.

Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.

Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді. Рұқсат бес жыл мерзiмге берiледi және ұзартылады.  

 Сіз мынадай көрсетілетін  қызметтерге өтініш бере аласыз:

Азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат       

Азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге және сақтауға рұқсат

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.