Айдар парағына өту

Өзіңізді деструктивті діни идеялардың ықпалынан қалай қорғауға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.12.2022

Діни экстремизм мен терроризм бүгінде адамзатқа төнген маңызды қауіптердің біріне айналды.

Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл ізбасарларының санасы мен еркіне толық (жалпы) бақылау орнатуға тырасатын деструктивті діни немесе жалған діни (діни имитация) ұйым.

Деструктивті діни бірлестіктердің/ағымдардың белгілері

  • Олардың тобына кірген жағдайда осы уақытқа дейін бекер іздеген нәрсені таба алатыныңызға сендіргісі келетін.
  • Ресми ақпарат көздеріне, оның ішінде діни бірлестіктерге жүгінуге тыйым салатын.
  • Сізге өмірде жетіспейтін нәрсені нақты білетіндеріне сендіретін.
  • Олармен алғаш рет кездесудің өзінде өмірге мүлдем жаңа көзқарас қалыптастыратын.
  • Тобындағы адамдардың дүниетанымы өте қарапайым және кез келген мәселені түсіндіріп беретіндерден сақ болу керек.

Олардың айтатындары:

  • Тек олардың тобында өмір шындығын білетін оқытушы, медиум, көсем немесе гуру бар.
  • Топтың ілімі жалғыз шынайы, мәңгілік шынайы білім болып саналады, ал қалған нәрсенің барлығы, соның ішінде ғылым, рационалды ойлау, ақыл-парасат – жалған, теріс нәрсе, өйткені олар жағымсыз нәрсе, шайтанның ісі.
  • Топқа кірмейтін адамдардың олардың ілімі мен іс-әрекетін сынауы, олардың ілімнің ақиқатының дәлелі ретінде қабылданады.
  • Әлемді апат күтіп тұр, әлемді құтқарудың жолын тек олардың тобы біледі.
  • Топ – элита. Қалған адамзат науқас және топпен байланысы болмағандықтан және топқа кіріп өзін құтқарғысы келмейтіндіктен де олардың болашағы жоқ.
  • Сізге топтың мүшесі болу керек.

Нәтижесінде:

  • Топ тұлғааралық қарым-қатынастарын, сондай-ақ киім үлгісін, ішетін асын, басқаша сөйлеуін нақты регламенттей отырып, өздерін басқа әлемнен алшақ ұстайды.
  • Топ сіздің «ескі қатынастарыңызды» үзгеніңізді қалайды, өйткені олар сіздің дамуыңызға кедергі келтіреді (олар ең алдымен туыстарыңыздан/ата-анаңыздан, достарыңыздан, әріптестеріңізден бөліп әкетуге тырысады, өйткені олар зомбиялануыңызға/топқа кіруіңізге қарсы болып, адамның сыни ойлауының дамуына ықпал етпекші).
  • Сіздің жыныстық қатынасыңызды топ басшысы реттейді, мысалы, басшы жыныстық серіктестерді таңдап береді, топтық жыныстық қатынасты тағайындайды немесе керісінше толық бас тартуыңызды талап етеді.
  • Топ сіздің барлық уақытыңызды тапсырмалармен толтырады, атап айтқанда: белгілі кітапты оқу немесе сату, топтық оқулар (курстарға/медитацияға қатысу), жаңа мүшелерді тарту.
  • Топқа кірген адам ешқашан жалғыз жүрмейді, үнемі топ мүшесінің біреуі жаныңызда жүреді.
  • Егер кірген адам күдіктене бастаса, уәде етілген сәттілік болмаса, онда үнемі кірген адамның өзі кінәлі болады, өйткені ол жеткілікті тырыспады, қатыспады, әрекет жасамады.

Топқа тартатын адамның белгілері:

  • Бұл сіздің жолыңыздағы кездескен махаббаты мен қамқорлығына алатын ең мейірімді адам.
  • Өзі айтатындай сіз ұнататын нәрсені білуге барынша қызығушылық танытатын адам.
  • Сізге мақтау мен мадақтау айтатын; сізден не алуға болатынын (ынта, қуат, физикалық немесе интеллектуалдық күш, ақша, пәтер және т.б.) салқын қандылықпен бағалайтын адам.
  • Барлық сұрақтарға жауабы бар адам.

Мақсатты діни топтарды қабылдауға бейім азаматтардың 3 санаты бар:

  • жастар.
  • ауыр экономикалық және психологиялық күйзеліс жағдайында өмір сүретін еңбек мигранттары.
  • тұтқындар.

Сондай-ақ, ерекше тәуекел тобы «толық және абсолютті шындыққа» ұмтылатын, қарқынды рухани ізденістермен айналысатын адамдардан тұрады.

Деструктивті культтерге тарту келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

  • Әлеуметтік медиа – топқа тартудың ең тиімді және кең таралған құралы.
  • Спорт – топқа тартатындардың жақсы көретін бағыттарының бірі. Бұған әсіресе әртүрлі халықтардың өкілдері дәстүрлі түрде мықты болып келетін спорт түрлері: күрес, бокс және жекпе-жек өнері кіреді.
  • Балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері және мүгедектерге көмек көрсету орталықтары – топқа тартылатын осал орталықтар.
  • Пенитенциарлық мекемелер.

Деструктивті топқа тарту үшін келесі әсер ету әдістері қолданылады:

  • Арнайы психологиялық бақылау әдістерін қолдану (NLP – нейролингвистикалық бағдарламалау).
  • «Махаббатпен бомбалау».
  • Әртүрлі есірткі құралдарын қолдану.

Деструктивті діни ағымдарға енудің салдары

Адам өзінің қалай «марионетка» болғанын түсінбей қалады, олардың басқаруымен жүреді. Өзінің жеке басының құндылықтарын жоғалтып, олардың ұжымынын мұң-мұқтажымен жүреді, «мен» деп емес, «біз» деп қана біледі.

Адам ақыры өзінің сыни ойлау қабілетін, өзінің пікірін жоғалтады, өзін-өзі тануын тоқтатады, психологиялық тұрғыдан ол үлкен ұжымдық ағзаның бір бөлігіне айналады.

Бұл жағдайда олардың мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін, шынайы діни құндылықтарынан ақырын айырып, теократиялық басқару формасын орнату мақсатында өздерінің теріс пиғылды, мемлекеттік төңкеріске алып келуі мүмкін идеяларын миларына қондыруға жағдай жасайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.