Айдар парағына өту

Миссионерлік қызмет Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.12.2022

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызмет.

Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тіркеуден өткеннен кейін миссионерлік қызметті жүзеге асырады. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді Діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдар құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер жыл сайын жергілікті атқарушы органдарда қайта тіркеуден өтуге міндетті.

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес, миссионерлер тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдарға келесі құжаттар мен материалдарды ұсынады:

  1. Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш.
  2. Паспорттың көшірмесі (Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін).
  3. Діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған).
  4. Миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
  5. Миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.
  6. Дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың көшірмесі (бар болса).

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Миссионер өкілдік ететін діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат.
  2. Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруы.

Шет мемлекеттер берген құжаттар Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аударманың дұрыстығы және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түпнұсқасымен ұсынылады.

Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттарды ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде, сондай-ақ егер оның миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндірсе, тіркеуден бас тартылады.

Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.
Миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.