Айдар парағына өту

Тегін ауыстыруға байланысты жеке куәлікті ауыстыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.03.2019

Жеке басты куәландыратын құжатты оның қолданыс мерзіміне қарамастан ауыстыру қажет болатын жағдайлар болады. Мысалы,  тегін ауыстыруына, соның ішінде некеге тұру немесе некені бұзу кезінде, сондай-ақ, ұлт  дәстүрлеріне  байланысты жеке куәлікті  ауыстыру.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес некеге тұрған немесе некені бұзған кезде некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәлікті алған сәттен бастап  30 күн ішінде жеке куәлікті ауыстыру қажет.   егер Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ (ХҚКО) көрсетілген мерзімнен кеш  жүгінсеңіз, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңына сәйкес, Сіз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз (7 АЕК мөлшеріндегі айыппұл) 

Төменде жеке куәлікті ауыстыру  үшін  тұрақты тіркелген жері немесе нақты тұратын жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізбесі келтірілген:

  • неке қию (бұзу) туралы куәлік, айқындама деректерді  ауыстыру туралы куәлік  (болған жағдайда);
  • ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт (болған жағдайда);
  • мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады).  

Некені қиған немесе бұзған кезде таңдалған тегі некені қию (бұзу) туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі. 

 «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923  Жарлығына сәйкес, ұлты қазақ адамдар, қалайтын тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде   көрсетіп, еркін нысандағы өтінішпен жүгіне алады. Бұл ретте,  тектерінде қазақ тіліне жат  «-ов, -ова», «-ев, ева», «-ин, -ина»   жұрнақтар алып тасталып, тегі мен әкесінің атының түбірік негіздері сақталып, бір уақытта әкесінің  атын жазғанда олардың орнына  жынысына қарай «ұлы», «қызы» жалғаулары бірге қосылып жазылады.

Өтінішке мынадай құжаттардың біреуі қоса тіркеледі:

  • туу туралы куәлік   (жеке басын куәландыратын құжатты алғашқы рет алған кезде);
  • ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама   (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауына байланысты жеке куәлікті алған кезде);
  • мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады).

Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.  

Туу туралы актілік жазбаға өзгерістерді енгізе отырып, өз айқындама деректерін өзгерткен адамдар тұрақты тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) мынадай құжаттарды ұсынады:

  • айқындама деректерін ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш;
  • айқындама деректері ауыстырылғаны туралы  куәлік (болған жағдайда);
  • туу туралы куәлік;
  • ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
  • мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады).

Жеке куәлікті және паспортты ауыстыру процессі 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күн, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күн, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күн мерзімінде.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.