Айдар парағына өту

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімдері (мамандандырылған ХҚКО-ры) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2020

Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек  автокөлік иелері санының да  тұрақты молаюы байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары – арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ашылды.  Мұндай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие.

Аталмыш орталықтарда төмендегідей қызмет түрлері көрсетіледі:

Қалаларда арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мына қалаларда қызмет етеді:

  • Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек  автокөлік иелері санының да  тұрақты молаюы байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары – арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ашылды.  Мұндай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие.

Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның байланыстары

Мұндай орналасу аймақтық автотұрақтың үлкендігі мен тиісті алаңдардың болуымен шарттастырылған. Әдететгі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ секілді арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ да «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді, осылайша, қазақстандық жүгізушілер қажетті құжаттарды кешенді түрде ала алады.

 

Қазақстандықтарға көрсетілетін қызметті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға енгізу үшін, оны орындау үрдісі барынша автоматтандырылды. Осылайша, жүргізуші куәлігін алу уақыты 6 сағаттан 2 сағатқа қысқартылды, ал нөмір мен техникалық құжатты арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ - да 90 минуттың ішінде алуға болады.

 

Автокөлікті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ - да тіркеу барысында жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру,  анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды, оның орнына орталық операторлары жүргізуші жөніндегі тиісті мәліметтерді дерекқордан өздері таба алады.

 

Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмысында адами фактор толығымен жоққа шығарылады, себебі бағаны орталық компьютер береді. Қандай да бір жолмен көмектесуге, күн ілгері белгілі болған нұсқаны енгізуге болмайды, өйткені бірнеше камералардан ұдайы бейнебақылау жүргізіліп отырады.

 

Егер техникалық жарақтандыру туралы айтатын болсақ, онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Мамандандырылған бөлімдерінің қалалық кешендерінің аумағында практикалық емтихан өтетін                 1 га алаңы бар автодром және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға келушілер үшін тегін автотұрақ бар.

 

Кезекті болдырмау үшін сенімді электрондық жүйе көзделген. Қызметтерді төлеуді банк арқылы тікелей құжаттау рәсімі кезінде немесе әдеттегідей банк кассаларын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

 

Автокөлікті шетелде сатып алғандар үшін тиісті рәсімдерден өту үшін кедендік бақылау бекеті бар. Орталықтарда маман-кеңесшілер, сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлері жұмыс істейді. Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мүлде транспарентті және жемқорлықтың кез келген көрінісін жоққа шығарады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі-сенбі аралығы, 9:00 - ден 18:00 - ге дейін түскі үзіліссіз.
Барлық сұрақтарыңызды, шағымдарыңыз бен тілектеріңізді әдеттегідей www.1414.kz  ресурсына Қазақстан аумағындағы кез келген мобильдік құрылғыдан 1414 қысқа нөміріне хабарласып қалдыруыңызға болады.  
Төменде жүргізуші куәлігін алу рәсімін автоматтандырудағы елеулі  артықшылықтардың кестесі көрсетілген.

Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да жүргізуші куәлігін алу

Автокөлікті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - нда тіркеу

Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша Мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында қолжетімді. Бұл үшін электрондық-цифрлық қолтаңба жеткілікті.

ЕСКЕРТУ:

Әр арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ -нда медициналық тексеруден өту кабинеттері (сонымен қатар нарколог және психиатр кабинеттері) жылжымалы кестемен жұмыс жасайды. Медициналық кабинеттердің жұмыс уақытын анықтау үшін өз қалаңыздағы арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на хабарласуыңыз қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.