Айдар парағына өту

Соттардағы мемлекеттік баж алым мөлшерлемелері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 29.01.2024

кітап, көзілдірік, судьяның соққысы

Мемлекеттік баж – бұл заңмен белгіленген белгілі бір әрекеттерді жасағаны үшін немесе заңды маңызды құжаттарды беру үшін әр түрлі инстанцияларға жүгінуде алынатын салықтың ерекше формасы. Сотқа жүгіну қажет болған әркімді мемлекеттік баж алым деген не, ол қандай жағдайларда алынады және оның өлшемдері қандай деген сұрақ қызықтыратыны сөзсіз. Алайда мемлекет мемлекеттік баж алым міндетін енгізумен қатар, кейбір адамдарды оны төлеуден босатты. Осы мақалада біз соттардағы мемлекеттік баж алым мөлшерлері туралы және осындай мемлекеттік баж алымнан босатылғандар туралы айтатын боламыз.

Азаматтық процестік кодекстің 103-бабына, мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату немесе оны төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) айқындалады

1. Сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап қоюлардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қоюлардан:

  • жеке тұлғалар үшiн ‑ талап қою сомасының 1 пайызы, 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер;
  • заңды тұлғалар үшiн ‑ талап қою сомасының 3 пайызы, 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер;

2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан ‑ 0,3 АЕК;

3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан ‑ 5 АЕК;

4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан:

  • дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн ‑ хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер;
  • заңды тұлғалар үшiн ‑ хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;

5) некені бұзу туралы талап арыздардан – 0,3 АЕК;

Некені бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда, баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талаптың бағасынан анықталады;

6) белгіленген  тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қою арыздарынан ‑ осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою арыздарынан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қою арыздарынан ‑ 0,5 АЕК;

8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан ‑ 0,5 АЕК;

9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан ‑ Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша ‑ Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің ‑ 50 пайызы;

10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан ‑ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;

11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан ‑ 5 АЕК;

12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан ‑ әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;

13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан ‑ 0,5 АЕК;

13-1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздардан ‑ 0,3 АЕК;

14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан ‑ талап қою сомасының 1 пайызы;

15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан ‑ талап қою сомасының 3 пайызы.

1-1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан мемлекеттік баж нөлдік мөлшерлеме мөлшерінде алынады

2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж жолданым субъектісі үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

Бір мезгілде мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қою арыздары үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қою арыздары үшін және мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздары үшін белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

Мемлекеттік баж алымнан кім босатылған?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.