білімі туралы құжаттың орташа балы:
-
бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табельдің/транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дипломның орташа балы кемінде 4,0 (5,0-ден) балына сәйкес болуы;
-
магистр дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балына сәйкес болуы;
-
философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балына сәйкес болуы;
-
ағымдағы үлгерімі туралы анықтамаларды ұсынатын үміткерлер үшін – ағымдағы үлгерімінің орташа балы тиісінше жоғарыда көрсетілген балдарға сәйкес болуы.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелде оқуға үміткерлердің конкурстық іріктеуге қатысуы үшін келесі құжаттар пакетін ұсынады:
-
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
-
жеке куәлігі және/немесе төлқұжатының тұпнұсқасы мен көшірмесі, түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
-
білімі туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі, түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады).
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге аттестат немесе қосымшасымен бірге негізгі орта білімі туралы куәлік, табель немесе орта арнайы білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама немесе қосымшасымен арнайы орта білімі туралы диплом;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Шетелдік білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда, білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
-
түпнұсқасын сәйкестендіру үшін ұсына отырып оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша) бар болған жағдайда. Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
-
таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
-
құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
-
заңды өкiлдің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) шетелге оқуға жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
-
осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):
- жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасы жоқ екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- бала жасынан мүгедек және мүгедек балалар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелді) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмелері;
-
шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы шақыруының көшірмесі бар болған жағдайда мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса.