Айдар парағына өту

Салық тексерулерін жүргізу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.09.2021

калькулятор, көзілдірік, қағаз

Салықтық тексеріс – ҚР салық заңнамасын орындау, салық органдары қызметі жүзеге асыратын тексеріс. Салықтық тексерістер қатысушылары салық қызметі органдарының ұйғарымда көрсетілген лауазымды тұлғалары, Салық кодексіне сәйкес тексеруді жүргізуге қатыстырылатын өзге адамдар және салық төлеуші болып табылады.

Салықтық тексерістерді жүргізу түрлері және мерзімдері

Салықтық тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер.
  2. Жоспардан тыс салықтық тексеру.

Салық тексерісін жүргізу мерзімі​:

Салық тексерулерін жүргізу мерзімі ұйғарым берілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Салық тексерісін жүргізу мерзімі ұзартылуы мүмкін:  

  1. Салық тексерісін тағайындаған салық органымен ҚР біреуден артық емес орын болғанда тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлер және резидент еместер, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар үшін – 45 жұмыс күніне дейін;
  2. Салық қызметінің жоғары сатылы органымен - 60 жұмыс күніне дейін;
  • ҚР бір орыннан артық болғанда тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын салық төлеушілер үшін, - 75 жұмыс күніне дейін;
  • салық қызметінің жоғары сатылы органымен – 180 жұмыс күніне дейін.

Салық органдары, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе табыс етеді.

Хабарлама тіркеу мәліметтерінде көрсетілген орын бойынша салық төлеушіге жіберіледі немесе тапсырылады. Почта бойынша тапсырыс хаты бар хабарламамен жіберілген хабарлама почта байланысынан жауап алған күннен бастап берілген деп есептеледі. Хабарламада салық тексерісінің нысаны, тексеруге жататын сұрақтар тізімі, қажетті құжаттардың, салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексерісті жүргізуге қажетті басқа да мәліметтердің алдын ала тізімі көрсетіледі.

Салық органы салық салумен байланысты тексеру үшін қажетті құжаттарды жою немесе жасыруына негізді қауіп болғанда немесе тексерісті мүмкін қылмайтын немесе оның толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа жағдайлар болғанда, тексерістің басталуы туралы салық төлеушіні хабарлаусыз салық тексерісін бастауға құқылы. 

Салық тексерістерін жүргізу үшін негіз

Салық тексерістерін жүргізудің басталуы

Салық тексерісін аяқтау

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.