Мүлік салығын төлеу: қайда, қалай және қанша
Салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан:
1. оларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және басқа да ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар;
2. жеке тұлғалардың меншiк құқығындағы жер учаскелерi.
Мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды
- Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар – Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар:
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
-
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
-
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
-
жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
-
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
-
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
-
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлері бойынша;
-
бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі:
-
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
-
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
-
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
"Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:
-
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
-
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
-
Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде.
-
салықтық база Салық Кодексінің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары Салық Кодексінің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер;
-
көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.
Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
- Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi Салық кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
- Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
- Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді;
- Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі;
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.
- Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi;
- Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі;
- Салық кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1)-5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
- құқық туындаған кезде - осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;
- құқық тоқтатылған кезде - осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.
- Егер Салық кодекстің 532 баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
- Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.
- Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.
Салықтық кезең
1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
Мүлік салығының мөлшерлемелері қанша?
№
|
Салық салу объектісінің құны
|
Салық мөлшерлемелері
|
1.
|
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы
|
2.
|
2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз
|
3.
|
4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
2600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз
|
4.
|
6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
4600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз
|
5.
|
8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
7600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз
|
6.
|
10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
11600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз
|
7.
|
12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
16600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз
|
8.
|
14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
22600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз
|
9.
|
16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
29600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз
|
10.
|
18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
37600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз
|
11.
|
20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
46600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз
|
12.
|
75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
321600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз
|
13.
|
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз
|
14.
|
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз
|
15.
|
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз
|
16.
|
450 000 000 теңгеден жоғары
|
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз
|