Айдар парағына өту

Қазақстанда мүлік, жер және көлік салығын төлеу мерзімдері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.08.2020

Жер учаскелеріне, мүлікке, сондай-ақ көлікке салық төлеу мерзімі жақындап келеді. Егер ҚР аумағында сіздің атыңызға:

  • тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар тіркелген болса, онда сізге мүліктік салық төлеу қажет (БСК – 104102);
  •  жер учаскесі тіркелген болса, онда оған тиісті жер салығы салынады (БСК – 104302);
  •  көлік тіркелген болса, көлік салығын 31 желтоқсанға дейін төлеуді ұмытпаңыз (БСК – 104402). 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұйрығына сәйкес, жер салығы бойынша барлық төлемдер «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 БСК түсуі керек.

1 шілдеден бастап көлік салығын төлеу үшін иелеріне VIN-кодты ұсыну қажет - көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (ағылш. Vehicle identification number, VIN). 17 таңбадан тұратын көлік құралының бірегей коды. Жеңіл автомобильдер үшін VIN-код шанақ нөмірі, ал жүк автомобильдері үшін шасси нөмірі болып табылады. Деректер техпаспортта көрсетілген.

Жыл сайын 1 қазанға дейін сіздің меншігіңіз бойынша салық төлемдерін өтеуді ұмытпаңыз. (Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдан келесі жылға ауыстыруға байланысты осы 2017 жылдың салықтарын 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет).

Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. 

Салық хабарламасы

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

Салық кодексінің 114-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес есептелген салықтардың сомасы туралы хабарлама салық төлеушіге есептелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі, онда салық сомасы, БСК және басқа да деректемелер көрсетіледі.

Салық басқармасы берешекті өтеу қажеттілігі туралы бірыңғай есеп айырысу орталығының (БЕО) шоттары арқылы, SMS-жіберу арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы мүлікке, жерге және мүлікке есептелген салық сомалары туралы хабарлайды. Тәжірибе салық төлеушілердің басқа аудандарда/өңірлерде салық салу объектілері бар болғандықтан, хабарлама салық төлеушіге кейде жетпейтінін көрсетеді, ал хабарлама мүліктік объектінің орналасқан мекен-жайы бойынша жіберіледі.

Сондықтан мұндай объектілердің иелерің бересінін болдырмау үшін бюджетке төлеуге жататын берешек сомасын анықтау үшін объектілердің орналасқан жері бойынша салық басқармасына дербес жүгіну қажет.

Келесілер көлік құралдарына салынатын салық төлеушілері болып табылмайды

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер.
  • Көлік салығы бойынша жеңілдігі бар тұлғалар бір көлік құралы бойынша ғана төлеушілер болып табылмайды (қозғалтқышының көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты уәкілетті мемлекеттік органда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа).

Төмендегілер жер салығын төлеушілер болып табылмайды

Келесілер мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

Резидент еместердің салық төлеуі

Мүлікке, көлік құралына немесе жерге салық төлеу объектісі болып табылатын Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осындай мүліктің орналасу орны бойынша салық органына  мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса берумен тіркеуді есепке қою туралы салық өтінішін:

  • шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке куәлігі;
  • осындай нөмір болғанда салықтық тіркеу (немесе оның баламасы) нөмірін көрсетумен азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіреуді растауды ұсынуға міндетті.

Өсімпұл, салықтарды төлемегені үшін айыппұлдар

Жоғарыда айтылғанның негізінде өз салық міндеттемелерін уақытылы орындамаған барлық салық төлеушілерді, кейінге қалдырмай салықты бүгін төлеуге шақырамыз.

 Салықтарды онлайн, банктерде және банкоматтар арқылы төлеңіздер 
Салықтарды төлеуде нені білу қажет.

Электрондық үкімет порталы арқылы:

Сізге www.egov.kz порталында тіркелу, сондай-ақ төлем сомасының мөлшері көрсетілген салық комитетінің хабарламасы болу керек.
 

Портал арқылы төлеудегі комиссия - 100 тг. Жер және мүлік салықтарын төлеу мерзімі: 2017 жылдан бастап төлем мерзімі бір жылдан кейін. Көлік салығын төлеу мерзімі: жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей.


Төлемді ойдағыдай жүргізгеннен кейін сіз электрондық чек аласыз (жеке кабинеттің «Төлем тарихы» тарауында).

 «Қазпочта» АҚ банктері арқылы

Банкоматтар, интернет-банкинг арқылы

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.