Айдар парағына өту

Салық төлемдері бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.04.2023

калькулятор, ақша және карта

Салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгеруі дегеніміз не 

Уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеушілер үшін Салық кодексінде салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін неғұрлым кеш мерзімге өзгерту мүмкіндігі көзделген. 

Мерзімдерді өзгерту салық міндеттемесін орындау нысанында беріледі: 

- алты айдан аспайтын мерзімге салық сомаларын біржолғы төлеумен кейінге қалдыру

- үш жылдан аспайтын мерзімге салықтардың сомаларын ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу

Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемді белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін салық төлеушіге берілуі мүмкін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде пайда болады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар. 

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды, акциздерді, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын, сондай-ақ ҚР бюджет заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық қорына түсетін салықтарды қоспағанда, салықтардың барлық түрлері бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін.

Салық бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қалай алуға болады 

Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді алудың міндетті шарты салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою не салық төлеушінің банк кепілдігін беруі болып табылады. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды. 

Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы мәселені қарау үшін салық төлеуші мынадай негіздердің бірі болған кезде тиісті мемлекеттік кірістер органына салық өтінішімен жүгінуі қажет: 

  1. салық төлеушіге еңсерілмейтін күш (Әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) нәтижесінде залал келтіру; 
  2. салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруі және (немесе) өткізуі маусымдық сипатта болады;
  3. дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) салықты біржолғы төлеу мүмкіндігін болдырмайды;
  4. соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;
  5. салық төлеуші қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатады;
  6. салық төлеушінің қосымша салық есептілігін ұсынуы;
  7. салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтардың және (немесе) төлемдердің сомаларымен келісуі.  

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 

  1. тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағаларын және оларды орындау мерзімдерін көрсете отырып, салық төлеушінің контрагент - дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың көшірмелері;
  2. салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің болуын растайтын құжаттар; 
  3. кепілге берілетін мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін қоса бере отырып, кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілгер банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі. Бұл ретте, бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі Салық төлеуші кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен ерте жасалмауға тиіс.

Мүлікке қойылатын талаптар

Кепілге берілетін мүлік жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны қолданылу кезеңі үшін есептелген өсімпұлды ескере отырып, салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтініштерде көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемдердің сомасынан кем болмауға тиіс салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі кестені бұзған жағдайда оны кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, сондай-ақ оны іске асыруға арналған шығыстар.

Бұл ретте, салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілмен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау кестесі бұзылған жағдайда, салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкінен өндіріп алуды талап етеді не банк кепілдігін орындауды талап етеді.

Әрі қарай, сауда-саттық жүргізу арқылы мүлікті сату жүзеге асырылады.

Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.