Айдар парағына өту

Жоғалған немесе ұрланған кезде автомобильге техникалық паспортты қалай қалпына келтіруге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.07.2020

kartinka_tehpasport.jpg

Құжаттарды қалпына келтіру бойынша сұрақтар, әдетте, азаматтарда жиі қойылатын сұрақтар болып табылады. Біздің әрқайсымыз іс жүзінде маңызды құжаттардың жоғалуына, ұрлануына немесе бүлінуіне тап болып, оларды қалпына келтіру туралы нақты нұсқауларды қажет еттік.

Бұл материалда біз көлік құралын тіркеу туралы куәлік (КҚТК) деп аталатын автокөлікке техникалық паспортты қалай қалпына келтіру туралы, сондай-ақ оны ауыстыруды талап ететін басқа да жағдайлар туралы айтамыз.

Атауына сәйкес, КҚТК – бұл көлік құралын (КҚ) тіркеу кезінде, яғни оны сатып алу немесе өзіне қайта ресімдеу кезінде берілетін құжат. Заңнамаға сәйкес КҚТК КҚ-ның жол қозғалысына қатысуға жіберілуін растайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларының 3-бөлімінің 49-тармағына сәйкес техникалық паспорт келесі жағдайларда ауыстыруға жатады:

  1. көлік құралына меншік құқығын өзгерту;
  2. көлік құралы иесінің ерік білдіруі бойынша көлік құралы иесінің тұрғылықты жерінің (заңды тұлғаның мекенжайының) өзгеруі;
  3. көлік құралы иесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (заңды тұлғаның атауын) өзгерту;
  4. көлік құралының түрін қайта жабдықтау немесе өзгерту;
  5. көлік құралының түсін өзгерту;
  6. КҚТК ауыстыру немесе жоғалту.

КҚТК жоғалған кезде автокөлік иелері үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөліміне (Арнайы ХҚКО) мынадай құжаттармен жүгіну қажет:

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік;
  3. КҚТК бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек. Құны – 1,25 АЕК;

Автомобильді салыстыру үшін көрсету қажет емес.

Қағидалардың 3-бөлімінің 50-тармағына сәйкес көлік құралына меншік құқығы өзгерген жағдайда не иесінің тұрғылықты жері өзгерген кезде, сондай-ақ автомобильдің түсі өзгерген кезде техпаспортты ауыстыру үшін келесі құжаттар тізімі талап етіледі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат;
  2. КҚТК бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек. Құны – 1,25 АЕК;
  3. Техникалық құжат;
  4. Заңды тұлғаның, егер бұл тұлғаның ҚР заңнамасына сәйкес мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен расталған көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі) (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда );
  5. Көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, бұған төменде көрсетілгендер жатады:
    • кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
    • сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның әрекеттері туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
    • азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.

Аты-жөнін ауыстыру кезінде жоғарыдағы тізімге қоса аты-жөнінің өзгертілгенін растайтын құжатты ұсыну қажет, ал КҚ түрін қайта жабдықтаған немесе өзгерткен жағдайда көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беру керек.

Есіңізде болсын, автомобильді техпаспортсыз жүргізуге тыйым салынады! Егер сізге автокөлікті жылжыту қажет болса, онда эвакуатор қызметін пайдалану керек.

Оларды бір жерде, мысалы, портмонеде сақтау әдеті салдарынан барлық маңызды құжаттардың бәрін бірге жоғалтатын жағдайлар болады.  Сонда, бірінші кезекте жеке куәлікті қалпына келтіру керек, өйткені онсыз қалған құжаттарға тапсырыс беруге болмайды. Бұл рәсім туралы толық ақпаратты бөлек материалдан таба аласыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.