Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 27.09.2023

қолы мен мөріАзаматтықтан шығу — аталмыш мемлекетпен азаматтық қатынасты белгіленген тәртіптегі азаматтың заңмен көзделген тоқтату құқығы. ҚР азаматтығынан шығумен байланысты мәселелер «ҚР-ның азаматтығы туралы» ҚР Заңымен.

Көші-қон қызметінің бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш берген кезде өтініш берушіге Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың заңды салдары түсіндіріледі (бұл туралы полиция қызметкері берген анықтамада тиісті жазба жасалады), сондай-ақ өтініш берушілер қазақстандық құжаттарды Көші-қон қызметінің кеңсесіне тапсыруға міндеттенеді.

Ішкі істер органдары құқықтық статистика органдарындағы сұраныс беруші тұлға туралы мәліметтерді және Бас прокуратурадағы және  оның аумақтық бөлімшелеріндегі айыпкер ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы немесе сот үкімі бойынша олардың жазаларды өтеуі туралы ақпаратты сұрайды.

Азаматтықтан шығу туралы қорытындыларда ішкі істер органы мәліметтерді көрсетеді:

  • азаматтардың, мемлекеттік және басқа ұйымдардың мүліктік міндеттері немесе мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің өтініш берушіде болуы немесе болмауы;
  • оны айыпты ретінде қатыстыру туралы;
  • оның ҚР-ның азаматтығынан шығуы мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмейтіні туралы.

Осылайша, егер азамат айыпты ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса немесе сот үкімі бойынша жазасын өтесе, ҚР-ның алдында орындалмаған міндеттемелері болса немесе тұлғаның азаматтықтан шығуы республиканың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе, «ҚР азаматтығы туралы» Заңның 20-бабына сәйкес оған азаматтықтан шығудан бас тартылатын болады.

Көші-қон полициясының басқармасына ұсынылған барлық құжаттарды тексергеннен кейін және жинағаннан кейін, барлық материалдар негізді шешім қабылдау үшін ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Азаматтықтан шығудың қадамдық рәсімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Адам азаматтықтан шыққанда өзінің зейнетақы жинақтарын алуға құқылы. Ол үшін оған зейнетақы тағайындау туралы шарт жасалған зейнетақы қорының филиалына жүгіну және қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Зейнетақы жинақтарын аудару және алу туралы неғұрлым толығырақ осы сілтеме бойынша өту арқылы біле аласыз.

Азаматтар сондай-ақ ҚР-ның шегінен тыс тұра отырып, азаматтықтан шығу туралы өтініш бере алады. Қазақстанннан тыс тұрудың өзі қазақстандық азаматтықтың тоқтатылуына әкелмейді, алайда шетелде тұрудың белгіленген шарттарын сақтамау Қазақстан азаматтығының автоматты жойылуына әкелуі мүмкін.

ҚР-ның шетелде тұрақты тұратын азаматтары (яғни тұрғылықты тұру орнына шетелге шығуға рұқсат алғандар, Қазақстан  ішкі істер органдарында тіркеуден шыққандар),  ҚР-ның Президентінің атына қазақстандық консулдық мекемелер арқылы өтініш береді.

Келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі:

  • Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
  • өмірбаян (өз қолымен жасалған);
  • өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр фотосурет;
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҚР-ның ішкі істер органдары ресімдеген тұрақты тұруға шығуға рұқсат;
  • ҚР Бас Прокурорының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • балалардың туу және неке қию туралы куәліктерінің көшірмелері (бар болса);
  • шетел азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат;
  • консулдық алымды төлеу туралы құжат;
  • ҚР-ның азаматтығынан шығуға және өтініш берушінің жұбайынан (зайыбынан) немесе оның асырауындағы ҚРнда тұратын адамдардан материалдық және басқа да талаптардың жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш-келісім не олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері, азаматты қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі.

Құжаттарды қабылдау кезінде өтініш берушілерге олардың ҚР-ның азаматтығын тоқтатуының құқықтық салдары түсіндіріледі, сондай-ақ Заңның 3-бабының ережесі түсіндіріледі, оған сәйкес ҚР-ның азаматы шет мемлекеттің азаматы деп танылмайды, бұл туралы сауалнама-өтініште белгі жасалады.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариалды куәландырған, ал басқа мемлекеттерде – шет елдердегі мекеме куәландырған өтініші бойынша баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар мен қамқоршылар ҚР-ның жергілікті атқарушы органы шешімінің көшірмесін ұсынады) не әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.

14-тен 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселелері бойынша өтініш берген кезде оның жазбаша нысанда көрсетілуге және нотариалды куәландырылуға, ал басқа мемлекеттерде – шетелдік мекеме куәландырылуға тиіс келісімі міндетті.

Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде не нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілген өзге тілде жасалуы тиіс.

Азаматтықтан қандай жағдайларда айрылуға болады?

Балалардың азаматтықтан шығуы (18 жасқа дейін)

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.