Айдар парағына өту

Дипломды қалпына келтіру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 13.09.2023

дипломдар

Білім туралы құжаттар адам өміріндегі негізгі құжаттардың бірі болып табылады, олардың болуы әсіресе жұмысқа орналасу немесе білім беруді жалғастыру кезінде маңызды. Оларды кездейсоқ жоғалту Сізді жұмысқа орналасу немесе екінші жоғары білімге түсу мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Өкінішке орай, құжаттар жоғалған жағдайда ешкім сақтандырылмайды, егер Сіз дипломды немесе білім туралы куәлікті жоғалтсаңыз, осы мақалада сіз осы құжаттарды қалай қалпына келтіруге болатындығын білесіз.

Бірнеше жағдайды талдайық:

• егер жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргені туралы диплом жоғалса;

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломды қалай қалпына келтіруге болады?

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБ) алынған Диплом жұмысқа орналасу кезінде маңызды құжат болып табылады және оны жоғалту жұмысқа орналасу кезінде аз қиындық тудырмайды. Сондықтан, егер бұл орын алса, бірінші кезекте оны қалпына келтіру процедурасымен айналысыңыз.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.

Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:

  • құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының (заңды өкілінің) ЖЖОКБҰ басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;
  • білім алушының жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  • тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін беріледі.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше ЖЖОКБҰ-ға жүгінеді.

ЖЖОКБҰ жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға ЖЖОКБҰ басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.

ЖЖОКБҰ-ны 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бітірген түлектерге жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы беріледі.

Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген № ______, берілген күні телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.