Flood victims can apply for assistance via smartphone

2024 жылғы 19 сәуір

The Ministry of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry, in cooperation with the Ministry of Labor and Social Protection of Population and National Information Technologies JSC implemented the capability for the flood victims to apply for assistance via the eGov Mobile application.
Су тасқынынан зардап шеккендер смартфон арқылы көмек алуға өтініш бере алады

2024 жылғы 19 сәуір

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру қызметін жасады.
Пострадавшие от паводков могут подать заявку на получение помощи через смартфон

2024 жылғы 19 сәуір

Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности совместно с Министерством труда и социальной защиты населения, а также АО «Национальные информационные технологии» предоставлена возможность пострадавшим от наводнений подать заявки на получение помощи через приложение eGov Mobile.
Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы киберқауіпсіздігі
Киберқауіпсіздік рейтингінде 40-шы орын
Қазақстандағы киберқалқан ұғымы туралы
Жеке деректерге қол жетімділік
Киберқауіпсіздік
 

Киберқауіпсіздік - бұл қолданушыларды, олардың ақпараттық жүйелерін, желілері мен бағдарламаларын сандық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.

 

Мұндай кибершабуылдардың басты мақсаты әрі хакерлердің жеке мақсаттары үшін осы ақпаратты одан әрі пайдалану үшін пайдаланушының құпия ақпаратын алу, әрі бүкіл бизнес-процестің жұмысын бұзу болуы мүмкін. Сондықтан, әсіресе мемлекеттік департаменттер мен ірі жеке ұйымдардың жағдайында, Қазақстан үшін, сондай-ақ әлемнің басқа елдері үшін Интернетте тиімді және қауіпсіз болу үшін басты міндеттердің бірі дәл осы киберқауіпсіздік саласын дамыту болып табылады.

"Киберқалқан" тұжырымдамасы

"Қазақстанның КИБЕРҚАЛҚАНЫ" тұжырымдамасының мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі қатерлерден электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қорғалу деңгейіне қол жеткізу және қолдау болып табылады ("Киберқалқан" тұжырымдамасы туралы).

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ (DATA PROTECTION AGENCY)

Деректерді қорғау туралы жалпы регламент (жеке деректерді өңдеу ережелері) Еуроодақтың 28 елінде тікелей әрекет ететін заң болып табылады. Жалпы регламент негізінде Қазақстанда Дербес деректерді қорғау жөніндегі ұйым (Data protection agency) жұмыс істейтін болады.

Мақсаты:
дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың біркелкі орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар бойынша шағымдарды қарау
дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша түсініктемелер мен әдістемелік көмек ұсыну
Дербес деректерді қорғау бойынша ағымдағы мәртебе
  • Дербес деректер саласында қоғамдық қатынастарды реттеу үшін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР заңы бар
  • Мемлекеттік жүйелер үшін дербес деректерді электрондық нысанда қорғау ерекшеліктері "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңында айқындалған
  • Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленді
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің жаңа функциялары
  • Дербес деректерді қорғау саласын нормативтік-құқықтық реттеу
  • Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау
  • Дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын бақылау
Жеке деректерді қорғау бойынша іс-шаралардың күтілетін нәтижесі
  • Дербес деректерді өңдеу саласын үздік әлемдік практикалардың талаптарына сәйкес келтіру (GDPR)
  • Азаматтар мен бизнес үшін сандық экономиканың тартымдылығын арттыру
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласының дамуына жәрдемдесу
  • Азаматтар мен бизнес тарапынан мемлекетке деген сенімді арттыру
НӘТИЖЕЛЕРІ
31
Қазақстанның Киберқауіпсіздік бойынша жаһандық индексіндегі орны
78 %
халықтың киберқауіпсіздік қаупі туралы хабардар болу деңгейі
46 %
ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметкерлермен қамтамасыз етілуі
12
ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жедел орталықтары
6
компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері (FIRST)
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.