the girl with the phone

2021 жылғы 23 қараша

Using the Digital Documents service in the eGov mobile app, Otbasy Bank JSC customers can now get services using a digital ID document.

телефонмен қыз

2021 жылғы 23 қараша

EGov mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында «Отбасы банк» АҚ  клиенттері енді қызметтерді  жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық аналогы бойынша ала алады.

девушка с телефоном

2021 жылғы 23 қараша

Благодаря сервису «Цифровые документы» в приложении eGov mobile клиенты АО «Отбасы банк» теперь могут получить услуги по цифровому аналогу документа, удостоверяющего личность.

laptop

2021 жылғы 27 қазан

About 50 e-Gov vulnerabilities were detected and eliminated by the employees of National Information Technologies JSC under the Ministry of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of RK. 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Барлығына қол жетімді интернет
Цифрландыру қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Ең жақсы отандық шешімдер
Электрондық мемлекеттік қызметтер
Цифрлық технология дегеніміз не?
Digital Kazakhstan – бұл қазақстандық экономиканың даму қарқынын жеделдетуге және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған бағдарлама.

Бағдарламаның мақсаты:

1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

2. Экономиканың жаңа траекторияға - болашақ сандық экономикасына өтуі үшін жағдайлар жасау

Бағдарлама 2018–2022 жылдар аралығында жүзеге асырылады, елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беріп, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Бағыт нәтижелері
Жобалар
Цифровизация промышленности
Өнеркәсіпті цифрландыру
Цифрлық кеніш
Цифрлық кеніш «ақылды» датчиктер көмегімен өндірудің көлемі мен жылдамдығын, жабдықтарды ұтымды пайдалануды бақылауды, сондай-ақ осы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіруді мүмкін етеді.
Цифрлық кен орны
Цифрлық кен орны мұнай-газ бұрғылау, сондай-ақ стандартты коммуникациялық технологиялармен бірлесіп іздеу және цифрлық басқарудың бірнеше технологиясын біріктіреді.
Үлгілік цифрлық фабрика
Ақылды фабрика технологиялар көмегімен өндірістің шикізатты өңдеуден бастап тауарларды жеткізуге дейінгі барлық кезеңдерін автоматтандыруды, сондай-ақ осының барлығын бір цифрлық жүйеге біріктіруді бақылауды мүмкін етеді.
Цифровизация транспорта и логистики
Көлікті және логистиканы цифрландыру
Интеллектуалды көлік жүйесі
Төмендегілер енгізілетін болады:
  • Қозғалыста өлшеу жүйесі.
  • Жол учаскелерінде төлемді өндіру жүйесі.
  • Көшпелі жол зертханалары.
  • Бейнемониторинг және ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау.
  • Тасымалдау үшін климаттық жағдайларды талдау және болжамдау.
  • Автожолдарда жасанды интеллект енгізу.
Мультимодальды тасымалдау
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау процестерін автоматтандыру енгізілетін болады:
  • Автотасымалдау
  • ТЖ тасымалы
  • Теңіз, өзен тасымалдары
  • Авиатасымалдау
Развитие электронной торговли, финансовых технологий и безналичных платежей
Электрондық сауданы, қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту
Fulfillment-орталығы
Fulfillment-орталығы интернет-дүкендерге тауарды сақтауға, тапсырыстарды құрастыру мен орауға, клиенттерге жіберуге және қайтарылғандарды қабылдауға мүмкіндік береді. Fulfillment-орталықтарының желісі тауарларды сатып алушыларға дейін жеткізудің уақыты мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді.
E-Сommerce-орталығы
E-commerce орталығы – бұл онлайн және офлайн бизнестің өкілдеріне арналған коммуникациялық алаң, электрондық саудада КОБ құзыреттерін қолдау және арттыру орталығы, сондай-ақ тауарлады жеткізу бойынша кешенді қызметтер көрсету орталығы.
Open API
Open API технологиясы әзірлеушілерге өздерінің қосымшаларын құруға арналған дайын блоктарды қолдануды мүмкін етеді. Open API eGov «Ашық деректер» порталында сәтті қолданылып келеді.
Тұлғаны қашықтан сәйкестендіру
Мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың деректер қорын қолданып, соның ішінде әртүрлі биометриялық көрсеткіштерге сүйене отырып тұлғаны қашықтан сәйкестендіру моделі. Ол қаржылық институттар, клиенттер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасау және коммуникацияларға арналған әмбебап цифрлық ортаны құруды мүмкін етеді.
Цифровизация агропромышленного комплекса
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру
«Нақты егін шаруашылығы»
«Нақты егін шаруашылығы» менеджменті жүйесі фермерлерге нақты уақыт режимінде егістік, ылғалдылық, құнарлы элемент, зиянкестер, жауын-шашын ықтималдылығы және т.б. көрсеткіштерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы бақыланушылық
Төмендегілер енгізіледі:
  • Мал шаруашылығындағы асыл тұқымдыларды есепке алу жүйесі.
  • Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды қадағалау жүйесі.
  • «Фермадан сөреге дейін» жүйесі.
E-Agrotrade
АӨК өнімдерін сатуға арналған бірыңғай электрондық сауда алаңы.
Жобалар
Государство – гражданам
Мемлекет – азаматтарға
Paper-free
Қағазсыз құжат айналымы:
  • Digital by default — мемқызметтерді электрондық форматқа көшіру
  • OPEN API — қызметтерді бөлек қосымшалар арқылы алу
  • Анықтамалар сұратуды алып тастау
Электрондық еңбек биржасы
Мемлекеттік жұмыспен қамту жүйелері мен жеке агенттіктерді ортақ интернет алаңға шоғырландыру.
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемкадастрі» АЖ
Ақпараттық жүйе жер қатынастары, сәулет, құрылыс, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, геология, тұрғын-үй коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтерді біріктіреді. Кез келген қайта пайда болған объект, үй немесе жол болсын, мемлекеттік қызмет процедураларын өту кезінде оны алдын ала белсенді режиммен жаңарта отырып, картаға шығарылатын болады.
e-Health
Электрондық денсаулық сақтау
  • Диагноз қою және емдеу жоспарын басқару бөлігінде жасанды интеллект
  • Мобильді денсаулық сақтау (mHealth) және «қашықтан» кеңес беру
  • ҚР азаматтарына арналған электрондық денсаулық құжаты
Государство – бизнесу
Мемлекет – бизнеске
Экспорт-импорт операциялары бойынша бір терезе
«Бір терезе» бизнеске құжаттарды кеденге қағаз жеткізгіштерде ұсыну қажеттігінен арылтады. Қол жеткізудің бірыңғай нүктесі арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тауарларды кедендік тазарту кезінде мемлекеттік органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алады.
  • Толассыз мониторинг пен тауарлар қозғалысын автоматтандыру.
  • Тауарларды бақылау (сәйкесендіру) белгілерімен таңбалаудың ақпараттық жүйесі.
Кіші және орта бизнесті қолдауды цифрландыру
  • ІТ-қызметтердің және цифрлық бизнес модельдердің базалық пакеттерін ұсыну.
  • КОБ тізімдері мен тексеру кестелерін автоматты түрде қалыптастыру.
  • Кәсіпкерлердің тексерулердің заңдылығын бақылауға арналған «Qamqor» мобильді қосымшасы.
  • Бір алаңда мемқолдаудың ашық және автоматтандырылған шаралары.
Виртуалды қойма
ҚР ҚҚС-есебі мен Блокчейн технологиясын қолдана отырып электрондық шот-фактуралар жүргізуді әкімшілендіру.
Цифровизация внутренней деятельности государственных органов
Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру
eGov платформасын дамыту
  • Персоналдау және омниканальдік арқылы халықтың қажеттіктеріне назар аудару.
  • Алдын ала белсенді қызметтерді кеңейту.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Келесілер енгізіледі:
  • Электрондық санкциялау және істерді сотқа беру.
  • Электрондық форматтағы қылмыстық және әкімшілік істер.
  • Тексеру тізімдері мен кестелерді автоматты түрде қалыптастыру.
  • Полицияға, меморгандарға және т.б. өтініштерді қабылдау бойынша «бір терезе».
  • Құқық бұзушылықты жасау мүмкіндігін жоюға арналған Big Data.
  • Авиажолаушылар туралы деректер жинаудың автоматтандырылған жүйесі.
“Умные” города
«Ақылды» қалалар
Электрондық ПИК
QR-коды бар әрбір ғимараттың өз сайты болады, онда өзекті ақпарат орналастырылады – қызмет көрсетуші ұйымдардың, учаскелік полицейдің, отбасылық дәрігердің телефондары және көптеген басқа да ақпарат.
Smart City
«Ақылды қала» тұжырымы енгізілетін қалалар:
  • «Smart Astana»
  • «Smart Almaty»
  • «Smart Ontustyk»
  • «Smart Aktobe»
  • «Smart Karaganda»
Эталондық стандарт
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі No 152 / Н 10 бұйрығымен Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, «ақылды» қалаларды құрудың жалпы тәсілдерін белгілейтін ұсыныстардан тұратын «ақылды» қалаларына арналған анықтамалық стандарт әзірленді және бекітілді.
Жобалар
ИКТ-инфраструктура
АКТ-инфрақұрылымы
КЖҚ
Интернетке жоғары жылдамдықтағы қолжетімділік талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы ғана берілетін болады.
4G-байланыс (5G)
Деректерді 100 Мбит/с жоғары жылдамдықта жіберуді іске асыруды мүмкін ететін мобильді байланыстың ең заманауи буыны. 5G стандартын енгізу 2020 жылға қарай іске асырылады деп күтілуде.
“KazSat-2R”
Қазақстандық байланыс спутнигі 2023 жылдан кейін мобильдік, спутниктік және телерадио хабарларын таратуды қолдауды іске асыратын болады.
Кибербезопасность
Киберқауіпсіздік
Big Data талдау
Бұл деректердің аса ірі массивтері түрінде ұсынылған маңызды ақпаратты талдау және өңдеу.
Зиянды кодты талдау
Бұл компьютерлік бағдарламаларды, көбінесе пайдаланушыларға немесе оларды бағдарламалық қамтамасыз етуге зиян келтіретін вирустарды талдау.
Ақпараттық қауіпсіздік стандарттары
Бұл ақпараттық жүйені қауіпсіз пайдаланудың міндетті талаптары немесе ұсынылатын стандарттары.
Жобалар
Государство – гражданам
Білім беру саласын цифрландыру
Орта білім
  • Мектептердің бастауыш сыныптарында бағдарламалау негіздерін енгізу.
  • Java, С, Python, Rust және т.б. бағдарламалау тілдерін өзектендіру арқылы «Информатика» пәнінің мазмұнын жаңарту.
  • Кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін енгізу (соның ішінде, техникалық кәсіпкерлік).
  • Техникалық бағыттар бойынша хакатон, олимпиада және конкурстар өткізу.
  • Оқу процесін цифрландыру.
Жоғары білім
  • ЖОО-ға жаңа мамандықтар енгізу (деректер туралы ғылым, жасанды интеллект, бұлттық есептеулер және т.б.).
  • АКТ-мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын арттыру.
  • Барлық мамандықтар бойынша 80% ЖОО үшін АКТ пәнін енгізу.
  • Ашық білім беру ұлттық платформасын құру арқылы қашықтан білім алуды дамыту.
  • Өндіріс базасындағы ЖОО-ларда АКТ-кафедралар ашу.
Үздіксіз білім беру
Төмендегілерді базалық және кәсіби цифрлық дағдылар бойынша оқыту:
  • 100 мың кәсіби кадр
  • КОБ өкілдері
  • халық
АКТ-дағдыларын талап ету есебімен саланың кәсіптік стандарттарын әзірлеу.
Жобалар
Государство – гражданам
Стартап-мәдениет
Инновациялық дамытуға арналған алаң
  • Astana Hub халықаралық IT-стартаптарды қорғау алаңына айналады.
  • Қазақстан технопарктері мен инкубаторлары кем дегенде 1000 стартап-компанияларды қолдайды.
Техкәсіпкерлік және стартап-мәдениет
Қолайлы жағдайлар құру есебінен халықаралық кәсіпкерлерді тарту:
  • стартап-виза
  • тұру жағдайлары
  • көшуді төлеу
  • қаржыландыру
  • халықаралық IT-компаниялардың R&D орталықтарын ашу
Венчурлық қаржыландыру
  • 2019 жылға дейін стартап-компанияларды қаржыландыруға арналған заңнамалық базаны бейімдеу.
  • Қазақстанның венчурлық жобаларына 200 млн. доллар жеке инвестициялар тарту.
Инновацияларды қолдау
  • Ірі компаниялар мен меморгандардың инновациялық қызметін қолдау.
  • 2022 жылға қарай Astana Hub-та іске асыру үшін ірі компаниялар бастамалаған 298 инновациялық жобаны іріктеу.
Халықаралық рейтингтер
29 орын
2020 жылы электрондық үкіметтің даму индексі бойынша БҰҰ-ның халықаралық рейтингі
56 орын
2020 жылы желілік дайындық индексі бойынша
55 орын
2019 жылы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде
52 орын
2017 жылы АКТ-ны дамыту индексі рейтингінде
ДАМУ ЖОЛЫ
  1. ҚР-да «электрондық үкімет» порталы

    2006 жылы Қазақстанда алғаш рет eGov.kz — "электрондық үкімет" порталы іске қосылады. Онлайн-форматтағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) тегін беру арқасында мүмкін болды. ЭЦҚ үйден шықпай-ақ қажетті мемлекеттік қызметтер мен анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.

    ЕGov порталының пайдаланушылары бүгінгі күні 6 млн. астам адам болып табылады. Оның инфрақұрылымы арқылы 760 электрондық қызмет пен сервисті жүзеге асыруға болады.

     

  2. e-Мемлекеттік сатып алулар

    2010 жылдан бастап мемлекеттік сатып алулар Goszakup.gov.kz/kz/ порталы арқылы нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Бұл бюджет қаражатын пайдалану процесінің ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.

    Жүйе электрондық шарттар жасауға, сатып алу рәсімдерін жүргізуге, өнім берушіні анықтауға, жасалған шарттар мен олардың орындалу нәтижелері туралы мәліметтерді жариялауға мүмкіндік береді.

  3. e-Pay

    Электрондық үкіметтің бірыңғай төлем шлюзі-бұл мемлекеттік органдардың төлем жүйелері мен банктер арасындағы интеграцияланған жүйе. Қазақстандықтар 120 салық түрін, мемлекеттік баж салығын, айыппұлдарды, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен ұялы байланысты төлеу үшін қаражат аударуға мүмкіндік алды.

    EGov порталының онлайн-төлемдерінің толық тізімімен  мына жерден танысуға болады.

  4. e-License

    2012 жылдан бастап қазақстандықтар лицензиялардың және рұқсат беру құжаттарының барлық түрін Elicense.kz онлайн порталында ала алады ескерту.

    Ең танымал порталдың топ-5 қызметіне мыналар кіреді:

    • жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша;
    • ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама;
    • клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
    • жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру;
    • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту.

    2017 жылы жүйе арқылы 24 мыңнан астам лицензия және 725 мың рұқсат пен хабарлама берілді.

    е-license порталының толық тізімімен  мына жерден танысуға болады.

  5. Бизнесті онлайн тіркеу

    2013 жылдан бастап заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу eGov.kz порталында онлайн режимінде жүргізіліп келеді. Мысалы, ЖШС ашу үшін бастаушы кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу ақысын төлеу немесе салық органдарына бару қажет емес. Сізге тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба қажет. ЖШС тіркеу 30 минуттан аспайды.

    Шағын және орта бизнес үшін қызметтер автоматтандырылған.

  6. е-Сот кабинеті

    Office.sud.kz сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық өтініштер, өтініштер мен шағымдар беруге арналған. Сонымен қатар, eGov пайдаланушылары "Сот кабинетіне" авторизациясыз кіре алады.

  7. e-Денсаулық сақтау

    2015 жылдан бастап халықтың ашық медициналық деректер базасына қол жеткізуі ұлғайды. еGov порталында "Дәрігерді үйге шақыру", "Дәрігердің қабылдауына жазылу" және "Медициналық ұйымға тіркеу" қызметтері автоматтандырылды. Ал Ауруханаға жатқызу бюросы порталы арқылы пациент алдағы үш күнге республиканың кез келген стационарларындағы бос төсектер туралы ақпарат алады. Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызу коды бар жолдама алса, онда ол аймақтық және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарап, өзінің кезектілігін бақылай алады.

  8. Ашық үкімет

    Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын, есеп берушілігін және тиімділігін одан әрі арттыру Қазақстанның "Ашық үкіметінің" дамуымен байланысты. Ол бес компоненттен тұрады:

    • «Ашық деректер» – бұл мемлекеттік органдардың жалпы қол жетімді деректері, сондай-ақ олардың жұмыстарының нәтижелері мен жоспарлары орналастырылатын алаң.
    • «Ашық НҚА» – әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілерді халыққа талқылауға арналған бірыңғай алаң.
    • «Ашық диалог» – бұл мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнату алаңы.
    • «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметін көпшілікке талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.
    • «Ашық бюджеттер» бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылауға ықпал етеді.
  9. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

    2017 жылдың соңында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау цифрлық трансформация жолы бойынша сенімді және жүйелі қозғалыстан кейінгі логикалық қадам болды. Бағдарлама бес негізгі бағыттан тұрады, олар бойынша 17 бастама және 120-дан астам іс-шара қалыптасқан.

    Таяудағы жылдары экономиканың даму қарқынын жеделдету және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту сияқты оларды енгізуден болатын әсерлерді көруге болады. Негізгі нәтижелер сандық сектор экономиканың жаңа саласы ретінде қалыптасатын келесі онжылдықтарға келеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.