
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
Цифрлық қоғамды құру үшін үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру жүйесін жаңарту қажет. Басты назар креативті және сыни ойлауды дамытуға, сондай-ақ оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын пайдалануға аударылатын болады
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 2022 жылға қарай 83% - ға дейін арттыру жөніндегі нысаналы индикатор көзделген
Цифрлық сауаттылық - адамның күнделікті және кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі. Бүгінгі күні Қазақстандағы цифрлық сауаттылық деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сәйкес (Н-020 "Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы зерттеу сауалнамасы" статистикалық нысаны) 79,6 %-ды құрайды (Көбірек білу)
Цифрлық сауаттылықты арттыру шеңберінде оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты базасында жүргізіледі (Көбірек білу)
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру




БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Цифрландыру әсерлері






- Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтын құру
- Цифрлық академияны құру
- Ашық білім берудің ұлттық платформасын құру
- "Талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету" жобасы бойынша МЖӘ-ні іске асыру шеңберінде 2019 жылға 741 мектепті КЖҚ қамтамасыз ету жоспарлануда (2020 жылға қарай – 540 мектеп)
- «Е-Диплом» сервисін іске қосу жоспарлануда (дипломдардың деректер қорын қалыптастыру (ҰБДҚ), блокчейн қағидаты бойынша онлайн дипломдарды тексеру үшін веб-ресурсты құру)
- Online қабылдау сервисін іске қосу жоспарлануда. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру барлық деңгейде білім беру ұйымдарына балаларды онлайн қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді
- Халыққа қуат және МТБ және т.б. орын бар екендігі туралы ақпарат бере отырып барлық білім беру ұйымдарының онлайн картасын құру үшін OPEN SCHOOL сервисін іске қосу жоспарлануда
- Жоғары оқу орындарының базасында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың жаңа нысанын (қашықтықтан оқыту) ашу жоспарлануда
- Аттестаттау – вебинарлар, қашықтықтан оқыту арқылы мұғалімдердің/оқытушылардың біліктілігін арттыру
- Бастауыш сыныптарда бағдарламалау сабақтарын енгізу
- Мектептерде "Информатика" пәнін жаңарту
- ЖОО-да гуманитарлық мамандықтарға АКТ интеграциясы
- Астананың "ақылды" мектебінің құрылысы
- Бір кликтегі білім: онлайн-білімнің артықшылығы неде?
- Ахметов: Цифрлық технологиялармен жұмыс істеу-біздің оқыту жүйесінің ажырамас бөлшегі
- 1 қыркүйектен бастап барлық елордалық мектептер мультимәселелі платформаға қосылады
- Қарағандыда мектепке қабылдаудың жаңа электрондық жүйесі іске қосылады