Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Еркін нысандағы өтініш.
- Аударманы шетел тілінен уәкiлеттi орган растаған стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың және оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалық аудармасының екi көшiрмесi.
- Түпнұсқа иесiнiң осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерiстермен пайдаланушыларды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемесін қамтитын, сондай-ақ пайдаланушының құжаттарды үшiншi тұлғаларға беруге құқықтарын растайтын немесе жоққа шығаратын нормативтік құжаттама түпнұсқаларының иесімен жасалған шарттың көшiрмесi.
- Нормативтiк құжаттамаларға қатысты, олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың қорытындысының көшiрмесi.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шетел мемлекеттері стандарттарын, шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын (бұдан әрі – нормативтік құжаттама) (олардың ресми аудармаларының) мұқабаларында есепке алу шартты сандық белгі, уәкілетті органның атауы, есептік нөмірі, есепке алу күні көрсетілген мөр қоя отырып не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап.