Өтініш берушіге:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтініштің қажетті түрін таңдау.
- Өтінімді толтыру және актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде)**.
- Актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде).
- Қосымша мәліметтер жолын толтыру.
- Өтінімге қол қою ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге ері/зайыбының қол қоюын күту (егер ерлі-зайыптының екеуінің де келісімі бойынша немесе сот шешімінің негізінде некені бұзу өтініштерінің түрі таңдалған жағдайда) қажет.
- Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күте алады, одан кейін күшін жояды.
Өтініш беруді растайтын ерлі-зайыптының біріне:
- Порталда авторизациядан өтіп «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қол қоюды күтіп тұрған сұранымды таңдау.
- Қажетті өтінімдерді толтыру.
- Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Оң жауап жағдайында өтініш берушілердің біріне АХАТ органына келу уақыты көрсетілген хабарламаны жүктеу және қарау үшін қол жетімді болатын қызметті төлеу қажет.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Куәлікті алу үшін АХАТ жүгіну.
**Егер баланың тууы («Кәмелетке толмаған балалар бар» жолын таңдағанда) немесе некені тіркеу туралы актілік жазба автоматты түрде табылмаса, АХАТ бөлімшесіне туу/некені тіркеу туралы актілік жазбаны қолмен іздеу бойынша қосымша сұраныс ашылады.