Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу
Қызметті онлайн қалай алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінім берушінің жеке мәліметтерін, сондай-ақ шетелдіктің және азаматтығы жоқ тұлғаның, ҚР уақытша келушінің мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
* Онлайн тіркелу пилоттық режимде шетелдікті/азаматтығы жоқ тұлғаны жеке сапармен қабылдайтын ҚР 18 жасқа толған азаматтары үшін ғана қолжетімді.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
- Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
- Еркін нысандағы тiркеу туралы қолдаухат.
Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу үшін қосымша:
- толтырылған екі мекенжайлық келу парағы.
- келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны.
- 3,5х4,5 мм мөлшердегі бір фотосурет
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу туралы хабарлама немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алу.