Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскесін жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру
1. Порталда авторизацияланып, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).
3. «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінің Жария кадастрлық картасында бос жер учаскесін таңдау.
4. Өтінімді толтыру және қол қою.
5. Сауда-саттық қорытындысы бойынша:
Өтінім берушіні сауда-саттықта жеңімпаз деп анықтамаған жағдайда:
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сауда-саттыққа басқа қатысушыны жеңімпаз деп анықтауға байланысты бас тарту туралы хабарламамен танысу қажет.
Өтінім берушіні сауда-саттықта жеңімпаз деп айқындаған жағдайда:
ЭҮП-да жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша ақы төлеу.
-
ЭҮП-да кадастрлық есепке қоюға және құқықтарды тіркеуге өтінім беру. Төлем құжатын жүктеу. ЭҮП-да кадастрлық қызметтерге ақы төлеу.
-
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарлама, жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспорт (қажет болған жағдайда) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.