Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскесін жалға алу құқығын (жер учаскесін көрсету арқылы) ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру
Қызметті онлайн алу:
-
«Электрондық үкімет» порталында (бұдан әрі – ЭҮП) авторизациядан өту
-
"Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскесін жалға алу құқығын (жер учаскесін көрсету арқылы) ұйымдастыру және өткізу арқылы мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру"қызметін таңдау.
-
"Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту.
-
Аймақты таңдау.
-
Келесі өрістерді толтырады:
-
пайдалану түрі;
-
пайдалану мақсаты;
-
жер санаты;
-
құқық түрі.
-
Әрі қарай, "ЖКК-ға өту" батырмасы бойынша жер учаскесін көрсету үшін SSO бойынша ЖКК-ға көшу орындалады.
-
«Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында сұратылған жер учаскесін сызып көрсету.
-
Өтінімді толтыру және қол қою.
-
Сауда-саттық қорытындылары бойынша:
-
ЭҮП-да кадастрлық есепке қоюға және құқықтарды тіркеуге өтінім беру. Төлем құжатын жүктеу. ЭҮП-да кадастрлық қызметтерге ақы төлеу.
-
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарлама, жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспорт (қажет болған жағдайда) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.