Заңды тұлғалар үшін онлайн-өтінім беру Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 04.04.2022Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілттерін алуға онлайн-өтінім беру үшін сізге NCALayer бағдарламасын орнату қажет.
ЭЦҚ кілттерін шығаруға өтінім беру үшін келесі сілтемелер бойынша өтіңіз:
ЭЦҚ кілттерін алуға өтінім беру кезінде pki.gov.kz сізге мыналар қажет:
Сыртқы құрылғыда немесе файлдық жүйеде сіздің ЭЦҚ жабық кілттері генерацияланатын болады. Қажетті құжаттар пакетін жинаңыз және берілген өтінімді растау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүгініңіз. Осыдан кейін өтінімнің тағайындалған нөмірі бойынша тіркеу куәлігін орнатыңыз.
Заңды тұлға үшін мыналар болу қажет:
- Өтінімнің бірегей нөмірін қамтитын, ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
- Заңды тұлғадан ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін бір реттік алуға немесе қайтаруға сенімхат;
- Заңды тұлға ретінде қызмет алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе куәлік (бар болса).
- "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (ХҚКО) жүгінгенге дейін заңды тұлғаның қызметкеріне тіркеу куәлігін алу үшін заңды тұлғаның басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру жолымен тіркеу куәліктерін беруге заңды тұлғаның қызметкері берген өтінімді растайды.
- Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған (бар болса) бірінші басшыны немесе оның міндетін атқаратын адамды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (шешім, хаттама).
- "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ операторы (ХҚКО) өтінімді растағаннан кейін ҚР ҰКО шығарылған тіркеу куәліктерін «Өтінім мәртебесін тексеру сервисі» арқылы орнатыңыз. Тіркеу куәліктері егер "Өтінім бойынша шығарылған тіркеу куәліктері" - мәртебесі тағайындалса орнатуға жатады.
ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін ойдағыдай орнатқаннан кейін, сіз электрондық үкімет порталымен жұмысты бастай аласыз.