Sim-картадағы ЭЦҚ Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 03.05.2019SIM-картаға ЭЦҚ алу үшін:
- Ұялы байланыс операторларынан ЭЦҚ жазу мүмкіндігі бар SIM-картаны сатып алу.
- ЭЦҚ генерациясына өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалына өту.
- Нұсқауларды орындау арқылы телефоныңызда баптау.
Пайдаланушының ЭЦҚ оның SIM-картасына байланысты болады. Басты артықшылығы-оңай пайдалану және ұтқырлық. Сұранысты растау үшін пайдаланушыға мәтіндік хабарларды жіберуге болатын ең қарапайым телефон қажет болады.
SIM-картадағы ЭЦҚ ұялы телефонның кез келген үлгілерінен электрондық қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік береді.
Мобильді ЭЦҚ көмегімен қызметтерді қалай алуға болады?
SIM-картадағы ЭЦҚ-мен "электрондық үкімет"порталының қызметтерін алуға болады. SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қызметті алу үшін:
- Сұранымға қол қою әдісін таңдау "SIM-картадағы ЭЦҚ таңдау".
- ЭЦҚ бар ұялы телефон нөмірін растау.
- Ұялы телефонда "Қол қою"хабары көрсетіледі. Қол қою процесін растау.
- Ұялы телефонда кілтіңіздің атауы көрсетіледі. Қол қою процесін жалғастыруды растау.
- Ұялы телефонда "PIN кодын енгізіңіз"командасы көрсетіледі. ЭЦҚ PIN-кодын енгізу және қол қою процесінің жалғасуын растау.
- Ұялы телефонда "қолтаңба сәтті жасалды!". Қол қою процесін растау
- "Нәтижені қарау" батырмасын басу.
- Мобильді Жеке кабинетте ("өтініштер тарихы" бөлімінде), сондай-ақ ЭҮП жеке кабинетінде өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге көрсету.