Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
26.01.2012
Өзгерту күні
26.01.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мына бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы» 2006 жылғы 26 шілдедегі № 275 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4329 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 3 қарашада № 193 (1173) жарияланған):
      2) «Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 54 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5131 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында, 2008 жылғы 10 маусымында № 6; жарияланған);
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы» 2006 жылғы 26 шілдедегі № 275 және «Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 54 бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 19 наурыздағы № 116 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5623 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 8 мамырында № 66 (1666) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов):;
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министірлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Б. Жәмішев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.