"Европалық Одақ елдеріне экспортқа шығару үшін балық өнімдерін дайындаушы, Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен кемелерін есепке алу және өнімнің осы түріне Ветеринарлық сертификат беру Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің 2000 жылғы 24 наурыздағы № 120-П, Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 82 және "Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2000 жылғы 24 наурыздағы № 120-П және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 82 "Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдері үшін балық өнімін экспорттауға дайындайтын кәсіпорындар мен кемелерді есептеу және осы өнім түріне Ветеринарлық сертификат беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" № 1107 тіркелген бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 237

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
25.10.2012
Өзгерту күні
25.10.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) «Европалық Одақ елдеріне экспортқа шығару үшін балық өнімдерін дайындаушы, Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен кемелерін есепке алу және өнімнің осы түріне Ветеринарлық сертификат беру Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің 2000 жылғы 24 наурыздағы № 120-П, Ауыл шаруашылығы министрінін, 2000 жылғы 29 наурыздағы № 82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1107 болып тіркелген) бірлескен бұйрығы;
      2) «Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2000 жылғы 24 наурыздағы № 120-П және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 82 «Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдері үшін балық өнімін экспорттауға дайындайтын кәсіпорындар мен кемелерді есептеу және осы өнім түріне Ветеринарлық сертификат беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 1107 тіркелген бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2850 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2004 ж., № 29-32, 964-құжат) бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (Тейлянов Қ.Г.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жолдасын және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.