«Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 354 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
21.09.2012
Өзгерту күні
21.09.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 354 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6504 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 қарашадағы № 303-305 (26364-26366) «Казахстанская правда» газетінде, 2010 жылғы 10 қарашадағы № 469-477 (26320) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін ақпараттандырсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.