"Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрии және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 2 тамыздағы № 300 бұйрығының күшін жойылды ден тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
01.02.2012
Өзгерту күні
01.02.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тәрағасының 2006 жылғы 2 тамыздағы № 300 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4332 болып тіркелген және 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 158 (1138) "Ресми газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Г.Р. Әбдірайымов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және мерзімді басылымдарда ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментіне (Г.Р.Әбдірайымов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастан күшіне енеді.

      Төраға                                           С.Нокин

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.