Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" омырауға тағатын құрмет белгілері түріндегі көтермелеу нысанын тағайындау туралы 2004 жылғы 1 наурыздағы № 81 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
02.02.2012
Өзгерту күні
02.02.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» және «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» омырауға тағатын құрмет белгілері түріндегі көтермелеу нысанын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 81 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2759 болып тіркелген).
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                                  С.Нокин

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.