"Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/56 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 134 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
07.02.2013
Өзгерту күні
07.02.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
    1. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/56 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 134 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7026 тіркелді, 2011 жылғы 16 тамызда № 260 (26681) "Казахстанская правда" газетінде және 2011 жылғы 18 тамызда № 119 (2109) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).
      2. Спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті (А.Р. Сейсембеков) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
   Спорт және дене шынықтыру істері   Премьер-Министрінің Бірінші
      агенттігінің төрағасы             Орынбасары - Қазақстан
                                      Республикасының Өңірлік даму
                                               министрі

     ________ Е.Қожағапанов          ____________ Б.Сағынтаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.