2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі)

Актінің түрі
Бағдарлама
Қабылдау күні
29.12.2002
Өзгерту күні
29.12.2002
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 709, 710, 711, 712-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2002 жылғы 29 желтоқсандағы      
N 1429 қаулысына           
709-қосымша         

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 48894 мың теңге (қырық сегiз миллион сегiз жүз тоқсан төрт мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының  1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920 Жарлығы ; "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасын, мүшелерiн және оның аппаратын ұстау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өздеріне жүктелген міндеттердің мейлінше тиімді орындалуына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының, мүшелерінің және оның аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны іске!Орындау!  Жауапты
 N !дар.!бағ.! (кіші бағ.  !асыру жөніндегі  !мерзімі!атқарушылар
   !ла. !дар.! дарламаның) !іс-шаралар       !       !
   !ма. !ла. !   атауы     !                 !       !
   !ның !ма. !             !                 !       !
   !коды!ның !             !                 !       !
   !    !коды!             !                 !       !
------------------------------------------------------------------
 1 !  2 ! 3  !      4      !         5       !   6   !      7
------------------------------------------------------------------
    001       Әкімшілік     Қазақстан Респуб.   Жыл   Қазақстан
              шығыстар      ликасы Конститу.    бойы  Республикасы.
         001  Орталық       циялық Кеңесінің          ның
              орган         Төрағасын, мүше.          Конституциялық
              аппараты      лерін және оның           Кеңесі
                            аппаратын 29 бір.
                            лікте бекітілген
                            штат саны лимиті
                            шегінде ұстау
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: аппаратқа жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің үздіксіз қызмет істеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2002 жылғы 29 желтоқсандағы      
N 1429 қаулысына            
710-қосымша           

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

010 "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 157 мың теңге (бiр жүз елу жетi мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы ; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн шыңдау мақсатында, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы теориялық және практикалық бiлiмiн, оқыту бағдарламасы бойынша шеберлiгi мен ептiлiгiн жаңғырту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны іске!Орындау!  Жауапты
 N !дар.!бағ.! (кіші бағ.  !асыру жөніндегі  !мерзімі!атқарушылар
   !ла. !дар.! дарламаның) !іс-шаралар       !       !
   !ма. !ла. !   атауы     !                 !       !
   !ның !ма. !             !                 !       !
   !коды!ның !             !                 !       !
   !    !коды!             !                 !       !
------------------------------------------------------------------
 1 !  2 ! 3  !      4      !         5       !   6   !      7
------------------------------------------------------------------
1   010       Кадрлардың
              бiлiктiлiгiн
              арттыру және
              қайта даярлау
         005  Мемлекеттiк    Бiлiктiлiк арт.    жыл   Қазақстан
              қызметшiлердiң тырудың бекiтiлген бойы  Республикасы.
              бiлiктiлiгiн   жоспарына сәйкес,        ның
              арттыру        мемлекеттiк қыз.         Конституциялық
                             метшiлердiң бiлiк.       Кеңесi
                             тiлiгiн арттыру
                             бойынша қызметтi,
                             соның iшiнде мем.
                             лекеттiк тiлдi
                             оқыту қызметiн
                             сатып алу.
                             Тыңдаушылардың
                             саны 29.
-------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттiң қазiргi экономикалық жағдайы мен ресурстық мүмкiндiктерiне сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлердi кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына жауап беретiн сапалы түрде оқытудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және дамыту арқылы мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2002 жылғы 29 желтоқсандағы    
N 1429 қаулысына          
711-қосымша        

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

500 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 1440 мың теңге (бiр миллион төрт жүз қырық мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920 Жарлығы ; "Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427 Жарлығы .
      3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнде пайдаланылатын есептеу техникасына қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне ақпараттық-техникалық қызмет көрсету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны іске!Орындау!  Жауапты
 N !дар.!бағ.! (кіші бағ.  !асыру жөніндегі  !мерзімі!атқарушылар
   !ла. !дар.! дарламаның) !іс-шаралар       !       !
   !ма. !ла. !   атауы     !                 !       !
   !ның !ма. !             !                 !       !
   !коды!ның !             !                 !       !
   !    !коды!             !                 !       !
------------------------------------------------------------------
 1 !  2 ! 3  !      4      !         5       !   6   !      7
------------------------------------------------------------------
1   500      Қазақстан       29 пайдаланушыға   жыл   Қазақстан
             Республикасының арналған электрон. бойы  Республикасы.
             Конституциялық  дық пошта және Ин.       ның
             Кеңесiне        тернет бойынша қызмет.   Конституциялық
             ақпараттық-есеп. Компьютерлiк және       Кеңесi
             теу қызметiн     ұйымдастыру
             көрсету          техникасына
                             техникалық қызмет
                             көрceту және оны
                             жөндеу
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Конституциялық Кеңестің ақпараттық жүйесiнің үздiксiз жұмыс iстеуiн сапалы әрi уақтылы қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2002 жылғы 29 желтоқсандағы    
N 1429 қаулысына         
712-қосымша         

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

600 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiн есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 1144 мың теңге (бiр миллион бiр жүз қырық төрт мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920 Жарлығы ; "Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 31 шілдедегi N 427 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің қызметiн материалдық-техникалық және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, ақпарат жүйесiн жасау, жұмыс орындарын автоматтандыру. Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне бiр мезгілде ену.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны іске!Орындау!  Жауапты
 N !дар.!бағ.! (кіші бағ.  !асыру жөніндегі  !мерзімі!атқарушылар
   !ла. !дар.! дарламаның) !іс-шаралар       !       !
   !ма. !ла. !   атауы     !                 !       !
   !ның !ма. !             !                 !       !
   !коды!ның !             !                 !       !
   !    !коды!             !                 !       !
------------------------------------------------------------------
 1 !  2 ! 3  !      4      !         5       !   6   !      7
------------------------------------------------------------------
1   600       Қазақстан     Шығындық материал. Жыл    Қазақстан
              Республикасы. дар сатып алу:     бойы   Республика.
              ның Конс.     картриждер -              сының
              титуциялық    58 дана, ксерокске        Конституция.
              Кеңесін       арналған тонер - 15       лық Кеңесі
              есептеу       дана дискеттер - 200
              және ұйымдас. дана. Сканер - 6 дана,
              тыру           желiлiк карталар
              техникасымен  - 5 дана, HUB -
              қамтамасыз    4 дана.
              ету           Желiлiк, қолданбалы
                            бағдарламалық
                            жабдықтауыш сатып
                            алу - 5 дана. 30
                            пайдаланушыға арналған
                            вирусқа қарсы
                            бағдарламалық жаб.
                            дықтауыш.
                            "1C бухгалтерия"
                            бағдарламалық
                            iлеспе және адаптация
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Конституциялық Кеңестiң аппаратын есептеу және ұйымдастыру техникасымен толық қамтамасыз ету. Ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан, сондай-ақ зиянды бағдарламалардың ("вирустардың") әсерiнен сақтауды қамтамасыз ету.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.