2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы)

Актінің түрі
Бағдарлама
Қаулы
Қабылдау күні
15.12.2006
Өзгерту күні
15.12.2006
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       13-қосымшаға  сәйкес Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
13-ҚОСЫМША       

106 - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қызметiн қамтамасыз ету" 
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 41683 мың теңге (қырық бiр миллион алты жүз сексен үш мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы  Заңы " Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрі оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегi N 947  Жарлығы ; "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 992  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесiн жетiлдiру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру жөнiндегi шаралар қабылдауды жүзеге асыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : адам құқықтары жөніндегi уәкiлдің қызметiн қамтамасыз ету және оған адамның және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын бақылауды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының құқықтар мен бостандықтар және халықты құқықтық ағарту саласындағы заңдарын жетiлдiруде, жан-жақты жәрдемдесу. Өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмді орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру жөнiнде қойылған бiлiктілiк талаптарына сәйкес, бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк қызмет саласында теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгiн, кәсiби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Мониторингтi жүзеге асыру, ақпаратты қорту, жүйелеу және талдау; адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасы Конституциясымен және халықаралық шарттарымен кепiлдiк берiлген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын iс-әрекеттерi мен шешімдерiне шағымдарын қарауы; адам құқықтары жөнiндегі уәкіл жүргiзген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшiн ресми хабарлар дайындау; iс-әрекеттерi адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершiлікке тарту туралы тиiстi мемлекеттік органға адам құқықтары жөнiндегі уәкiл енгiзетiн ұсынымдарды дайындау; адам құқықтарымен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөнiндегі қорытындылардың жобаларын даярлау. Құқық қорғау іс-шараларын өткізу.

Жыл бойы

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық

3

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқыту бойынша қызметтер сатып алу.

Жыл бойы 

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық

4

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықты материалдық-техникалық жарақтандыру.

Жыл бойы

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық

5

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Ақпарат жүйелерiн техникалық және технологиялық, бағдарламалық сүйемелдеу және күтушiлiк қызметiмен қамтамасыз ету: Интернет, негізгі дерек "Заң", программа 1С-бұғалтер.

Жыл бойы

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
- Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің есебiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығару және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қызметi туралы хабардар ету үшiн Президентке, Парламентке, Үкiметке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратура мен басқа да орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға жiберу, Қазақстан Республикасының елшілiктерi мен халықаралық ұйымдарына жiберу;
- мемлекеттiк тiлге 15 адамды оқыту;
- ағылшын тiлiне 5 адамды оқыту;
- мекеме жабдықтарымен және шаруа товарларымен қамтамасыз ету;
- жиhазбен және компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже:
- адам мен азаматтың, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың бұзылған, Конституциямен және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттармен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру;
- мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттiк тiлдi оқытумен 100 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- республикалық бюджеттің қаражатын тиiмдi жұмсау;
- Ұлттық орталықтың бiр мемлекеттiк қызметшіні мемлекеттiк тiлге оқытуға жұмсалатын орташа шығындары - 23,8 мың теңге;
- Ұлттық орталықтың бiр мемлекеттiк қызметшiні ағылшын тiлiне оқытуға жұмсайтын орташа шығыны - 23,8 мың теңге.
Уақтылығы:
- азаматтардың шағымдарын заңнамада белгiленген мерзiмде қарау;
- орталықтың жоспарына сәйкес жоспарланған iс-шараларды орындау және көрсетiлген уақыт мерзiмiмен орындау;
- жасатылатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- қарауға қабылданған азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру және олар бойынша шағым иелерiне жауаптар жiберу;
- кәсіптiк мемлекеттiк қызмет талаптарына сай, қазiргi заманға экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiптiк деңгейiн арттыру; мемлекеттік тiлдi оқыту курстарынан өткеннен кейiнгi iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзуге көшкен мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi - 40 пайыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.