2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі)

Актінің түрі
Бағдарлама
Қаулы
Қабылдау күні
12.12.2007
Өзгерту күні
12.12.2007
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
      403-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына    
403-ҚОСЫМША       

637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
         Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн
қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 183178 мың теңге (бiр жүз сексен үш миллион бір жүз жетпіс сегіз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:  "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңы ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Республиканың бүкiл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тiкелей қолданылуын қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай, қазiргi экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Қазақс-
тан Рес-
публикасы
Конститу-
циялық
Кеңесінің
қызметін
қамтама-
сыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Конституциялық іс
жүргізу нысаны болып
отырған немесе болуы
мүмкін нормативтік
құқықтық актілерге,
халықаралық шарттарға
құқықтық сараптау
жүргізу;
Конституцияның
нормаларына ресми
түсіндірме беру; дау
туған жағдайда
Республика Президенті-
нің, Парламент
депутаттарының сай-
лауын өткізудің және
республикалық
референдум өткізудің
дұрыстығы туралы
мәселені шешу;
Парламент қабылдаған
заңдардың Республика
Конституциясына
сәйкестігін Президент
қол қойғанға дейін
қарау; Республиканың
халықаралық шарттарын
бекіткенге дейін
олардың Конституцияға
сәйкестігін қарау;
соттардың заңды
немесе өзге бір
нормативтік құқықтық
актіні Конституцияға
сәйкес емес деп тану
туралы өтініштерін
қарау; Парламентке
елдегі конституциялық
заңдылықтың жай-күйі
туралы жыл сайынғы
жолдауды жіберу;
конституциялық
құрылыс процесінде
тәжірибе алмасу
мақсатында халықаралық
ұйымдармен және шет
елдердің конституция-
лық бақылау органдары-
мен одан әрі ынтымақтасу.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық
Кеңесінің Төрағасын,
мүшелерін және оның
аппаратын 37 бірлік
деп бекітілген лимит
саны шегінде ұстау.
Бекітілген тиісті
норматив бойынша 10
бірлік автокөлікті
ұстау, жалға алу, жылы
боксты жалға алу.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық
Кеңесінің әкімшілік-
шаруашылық қызметін
қамтамасыз ету және
құны 40 АЕК-тен аз
өзге де тауарлар
сатып алу.
Ұйымдастыру техникасы
құралдарын, өзге де
негізгі құралдарды
техникалық сүйемелдеу,
қызмет көрсету және
жөндеу жүргізу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Конститу-
циялық
Кеңесі

3

  

007

Мемлекет-
тік
қызметші-
лердің
білікті-
лігін
арттыру

Мемлекеттік қызметші-
лердің біліктілігін
арттыру жөніндегі
мынадай бес тақырып
бойынша қызметтер сатып алу:
1) Қазақстан
Республикасындағы
бюджеттік процесс
және бюджет саясаты;
2) 2008 жылғы
мемлекеттік сатып
алуларды ұйымдастыру
және бақылау;
3) іс жүргізуді және
құжаттануды
ұйымдастыру;
4) Қазақстан
Республикасындағы
құқық шығармашылығы
және заң шығару
процесі;
5) басқарушылық
шешімдер қабылдауға
арналған ақпараттық
база құру.
Мемлекеттік және
ағылшын тілдерін
оқып-үйрену.

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Конститу-
циялық
Кеңесі

4

  

009

Мемлекет-
тік
органдар-
ды
материал-
дық-тех-
никалық
жарақтан-
дыру

Қазақстан Республикасы
Конституциялық
Кеңесінің қызметін
материалдық-техникалық
жабдықтау.

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Конститу-
циялық
Кеңесі

5

  

017

Ақпарат-
тық
жүйелер-
дің жұмыс
істеуін
қамтама-
сыз ету
және мем-
лекеттік
органдар-
ды ақпа-
раттық-
техника-
лық қам-
тамасыз
ету

Есептеу техникасын
сатып алу - ақпан.
Лицензияланған бағдар-
ламалық қамтамасыз
етуші - ақпан.
Есептеу техникасы
құралдарына техни-
калық қызмет көрсету
- жыл бойы.
Локальді міндеттерді
сүйемелдеу - жыл бойы.
Интернет желісіне қол
жеткізу қызметі - жыл
бойы.
Шығындық материалдар
сатып алу - сәуір -
қыркүйек.

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы
Конститу-
циялық
Кеңесі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: 1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау; 2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру; 3) 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету; 4) 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже: Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 50,0 мың теңге; 2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 40,2 мың теңге; 3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы: 1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау; 2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы: 1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі; 
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.