Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
04.05.2016
Өзгерту күні
04.05.2016
Актіні қабылдаған орган
Балқаш қаласының мәслихаты
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 14 ақпандағы № 25/202 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2563 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 31 наурызында, 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 33 (12139) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 33 (1212) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2) қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26/210 "Балқаш қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2583 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 36 (12145) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 39 (1218) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 22 сәуірде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрақты комиссиялардың төрағаларына (Г.Ш. Камирдинов, А.Л. Сокульский) жүктелсін.
      Сессия төрағасы С. Пшенбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К. Тейлянов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.