Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
05.04.2017
Өзгерту күні
25.07.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігі (ҚР Президентінің 13.06.2019 ж. N 12 Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі болып қайта аталды)

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 25.07.2019 № 136 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса берілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 07.08.2018 № 195 бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4 Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 05 сәуірдегі
№ 72 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 6 бұйрығына (2016 жылы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 7 бұйрығына (2016 жылы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      2-тармақ алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына (2016 жылы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      2-тармақ алынып тасталсын;

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаның "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже":

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 4-қосымшаның "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ереже":

      8 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Департаменттің заңды мекенжайы: 060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 134A.".

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.