"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
03.03.2017
Өзгерту күні
03.03.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2016 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "5-1) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінің:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "5-1) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика бірінші вице – министрі М.Ж. Досмұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.