"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Хат
Өзгерту
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
15.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (ҚР Үкіметінің 10.07.2019 ж. N 497 қаулысымен құрылды)

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 189 А.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз жеткізгіште және электронды нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
комитетінің төрағасы
Р. Ахметов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.