Күшін жойған

Әлеуметтiк саланың жекелеген тарамдарының қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
04.09.2001
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті
      Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және өнер қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Бюджеттегi денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, мәдениет пен өнер мекемелерi қызметкерлерiнiң төленiп жүрген айлық еңбек ақысының мөлшерi 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң жүзiнде белгiленген ең төменгi еңбек ақының бiр есе көлемiнде өсiрiлсiн, еңбек ақыны бұл көтеруге аудандық, биiк таулы, шөлдi, сусыз жерлерде тұратындарға арналған және экологиялық коэффициенттер

қолданылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы мақсатқа
жұмсалатын шығысты қаржыландыру үшiн 1995 жылға арналған бюджетте
қажеттi қаражат көздейтiн болсын.
     3. Осы қаулы Бiрыңғай тарифтiк кесте қайта қаралғанға дейiн
күшiнде болады.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
         
      
      


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.