Күшін жойған

Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
01.04.1995
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

     Құқық қорғау органдарының, министрлiктер мен ведомстволардың
қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу, ұсыныстарды
талдап жасау жөнiндегi қызметiн одан әрi жетiлдiрiп, оның тиiмдiлiгiн
арттыру және жұмыс тәжiрибесiн қорыту мақсатында қаулы етемiн:
     Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi кеңес туралы осыған қосылған
ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
                                  Қазақстан Республикасы
                                  Президентiнiң
                                  1995 жылғы 13 ақпандағы
                                   N 2042 қаулысымен
                                          бекiтiлген

              Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi кеңес туралы
                              ЕРЕЖЕ
                         1. Жалпы ережелер

    


      1. Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi кеңес (бұдан былай - Кеңес) өз қызметiнiң мәселелерi бойынша Президентке есеп және оның алдында жауап беретiн республикалық үйлестiрушi-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз өкiлеттiгiн кез келген басқа мемлекеттiк органдардан, лауазамды адамдардан және қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз Қазақстан Республикасының, заң шығарушы, атқарушы және сот билiктерiмен өзара бiрлесiп iс-әрекет жасай отырып жүзеге асырады. Кеңес өзiнiң жұмысында Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi республикалық комиссиямен өзара бiрлесiп iс-әрекет жасайды.
      3. Кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Президенттiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Кеңестiң адам құрамын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Кеңес мүшелерi мәжiлiстерде ауысу құқығынсыз қатысады.

             II. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      5. Қылмыстық жағдайға талдау жасау, қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар жиынтығын әзiрлеп, жүзеге асыру, республикада қылмысқа ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау.
      6. Республикалық және жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының, құқық қорғау және бақылаушы органдардың қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      7. Қазақстан Республикасының Президентiне, Жоғарғы Кеңесiне және Министрлер Кабинетiне қылмысқа қарсы күрес және оның алдын алу жөнiнде жедел, ұйымдық және қажет болған жағдайда заңдық шаралар қолдануға ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қылмысқа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi жарлықтарының, қаулылары мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      9. Қазақстан Республикасының Президентiн, Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiн қылмыстың және оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы хабардар етiп отыру.

             III. Кеңестiң құзыры мен өкiлеттiгi

      10. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың қылмысқа қарсы күрес, ведомстволардың өзара iс-қимылы және осы проблемаға көзқарас жиынтығы мәселелерi жөнiндегi қызметiнiң практикасын зерделейдi.
      11. Кез келген мемлекеттiк басқару органдарынан, жергiлiктi әкiмшiлiктерден қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратып алады.
      12. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң, басқа да мемлекеттiк органдардың басшылары мен лауазымды адамдарының құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша есептерiн тыңдайды.
      13. Кеңестiң мәжiлiстерiнде қылмысқа қарсы күрестiң проблемалық мәселелерiн қараудың қорытындылары бойынша құқық қорғау органдарының, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң атына ұсыныстар қабылдайды, бұлар қарау үшiн мiндеттi болып табылады. Ол ұсыныстарды қараудың нәтижелерiн бақылауды қамтамасыз етедi.
      14. Кеңестiң:
      - қажет болған жағдайда қылмысқа қарсы күрес проблемаларын зерделеуге және тексеру жүргiзуге мемлекеттiк басқару органдарының, құқық қорғау органдары мен өзге де мекемелердiң мамандары мен қызметкерлерiн тартуға;
      - қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарын, Жоғарғы Кеңестiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн толық, уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардан түсiндiрме талап етуге;
      - Кеңестiң қолындағы материалдар бойынша заңдарға сәйкес шаралар қолдану жөнiнде құқық қорғау органдарына тапсырма беруге;
      - мынадай:
      қылмысқа қарсы күрес туралы заңдар мен өзге де нормативтi актiлердiң тиiсiнше атқарылуын қамтамасыз етпеген басшылар мен лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi туралы;
      құқық қорғау органдарының құрылымын жетiлдiру, олардың қызметiнiң басым бағыттарын анықтау жөнiнде;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

              IV. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      15. Кеңестiң жұмысы жарты жылға арналып әзiрленетiн жоспар негiзiнде жүзеге асырылады. Кеңестiң мәжiлiстерi екi айда кемiнде бiр рет, сондай-ақ қажет болуына қарай өткiзiледi.
      16. Кеңестiң мәжiлiсiн оның төрағасы, не оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiреуi өткiзедi.
      17. Мәжiлiстiң нәтижелерi бойынша көпшiлiк дауыспен хаттамалық шешiм қабылданады, оған төраға (Кеңестiң төрағалық еткен мүшесi) қол қояды. Шешiм мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, жергiлiктi әкiмшiлiктерге және өзге де органдарға жiберiледi.
      18. Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Заңдылықты, құқық қорғауды және сот реформасын қамтамасыз ету бөлiмi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.