Күшін жойған

Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық кеңес туралы ереженi бекiту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
16.07.1996
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

     Мемлекеттiк органдардың құқық бұзушылықтың алдын алу және
оны тыю жөнiндегi қызметiн жетiлдiру және тиiмдiлiгiн арттыру,
қылмыстық көрiнiстерге қарсы күрестiң үйлестiрiлуiн және оған
кешендi тұрғыдан келудi қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
     Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
республикалық кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
                                     Қазақстан Республикасы 
                                         Президентiнiң
                                     1995 жылғы 1 сәуiрдегi
                                       N 2166 қаулысымен
                                           бекiтiлген
              Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                 жөнiндегi республикалық кеңес туралы
                                Ереже 
             
             I. Жалпы ережелер



      1. Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық кеңес (бұдан былай - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және құқық бұзушылықтың алдын алу мен оны тыю жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың қылмыстық көрiнiстерге қарсы күрестегi iс-қимылын үйлестiрудi жақсарту мақсатында құрылған.
      2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президентiне есеп және өз қызметiнде оның алдында жауап бередi.
      3. Кеңес өзiнiң өкiлеттiгiн кез келген басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан және қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз әрi Қазақстан Республикасының заң шығарушы, атқарушы және сот билiктерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
      4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Кеңес мүшелерi мәжiлiстерге ауысу құқығынсыз қатысады.

                   II. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      - қылмыс жағдайына талдау жасау, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi кешендi шараларды әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау, мемлекеттiк органдардағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беруiне ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау;
      - мемлекеттiк органдардың қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Жоғарғы Кеңесi қызметке тағайындайтын (сайлайтын) және қызметтен босататын мемлекеттiк қызметшiлердiң арасындағы сыбайлас жемқорлықтың деректерiн анықтау жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      - Қазақстан Республикасының Президентiне, Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiне қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi шұғыл заң шығарушылық, ұйымдастырушылық және басқа шараларды қолдану жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
      - қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, қаулылары мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылау;
      - Қазақстан Республикасының Президентiн, Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiн қылмыстың және оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы хабардар ету болып табылады.

                III. Кеңестiң құзыры

      7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      - құқық қорғау және басқа органдардың қылмысқа қарсы күрес, ведомстволардың өзара iс-қимылы және бұл проблемаға кешендi көзқарас мәселелерi жөнiндегi тәжiрибесiн зерделейдi;
      - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, сондай-ақ республика Үкiметiнiң осы аталған құқықтық актiлердi жүзеге асыру жөнiндегi шешiмдерiн орындауы жөнiндегi қызметiн бақылайды және оны тексередi әрi олардың тиiсiнше орындалмауына кiнәлi мемлекеттiк қызметшiлердi жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзедi;
      - Кеңес өз мәжiлiстерiнде қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң проблемалық мәселелерiн қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi мемлекеттiк органдар тарапына ұсыныстар қабылдайды, олар қаралуға мiндеттi болып табылады;
      - мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының қызмет бабындағы қиянат фактiлерi туралы жеке адамдардың, ведомстволар мен ұйымдардың хаттары мен арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарын қарап, олар жөнiнде тиiстi шешiмдер қабылдайды;
      - мынадай:
      қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдардың құрылымын жетiлдiру, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлеу жөнiнде;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын жетiлдiру жөнiнде;
      мемлекеттiк қызметшiлердi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентi немесе Жоғарғы Кеңесi лауазымға тағайындап (сайлап) және лауазымнан босататын мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгiзедi.

               IV. Кеңестiң өкiлеттiгi
      8. Кеңес өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау кезiнде:
      - заңдарды бұзу фактiлерi жөнiнде тексерiстер жүргiзуге;
      - кез келген мемлекеттiк басқару және өкiмет органдарынан, жергiлiктi әкiмдермен Кеңеске жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi мәлiметтердi, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;
      - қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент актiлерiнiң толық, уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етпеген, сондай-ақ олар жөнсiз iс-әрекет жасаған жағдайларда, лауазымды адамдардан жазбаша түсiнiктеме алуға;
      - құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарға лауазымды адамдардың қызмет бабындағы қиянат фактiлерi жөнiнде, қолданылған шаралар туралы соңыра Кеңестi хабардар ете отырып, тексерiстер жүргiзудi тапсыруға;
      - өз мәжiлiстерiнде қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар басшыларының есептерiн тыңдауға;
      - құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдарға Кеңестiң қолында бар материалдар бойынша заңдарға сәйкес шаралар қолдануды жүктеуге;
      - қажет болған жағдайда қылмысқа қарсы күрес проблемаларын зерделеуге және тексерiстер жүргiзуге кез келген мемлекеттiк органдардың және мекемелердiң мамандары мен қызметкерлерiн тартуға құқылы.
      Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар Кеңес сұрау салған ақпаратты кiдiрiссiз түрде тапсырып отырады.
      9. Кеңестiң мүшелерi немесе оның атынан iс-қимыл жасайтын, тиiстi ұйғарымдары бар адамдар өз қызметiнiң мәселелерi бойынша кез келген органдарға, мекемелер мен ұйымдарға кедергiсiз баруға құқылы.

            V. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      10. Кеңестiң жұмысы жарты жылға әзiрленетiн жоспар негiзiнде жүзеге асырылады. Кеңестiң мәжiлiстерi екi ай сайын кемiнде бiр рет, сондай-ақ қажеттiлiкке қарай өткiзiлiп отырады.
      11. Кеңестiң мәжiлiсiн оның Төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша Төрағаның орынбасары не болмаса Кеңестiң басқа мүшесi өткiзедi. Кеңес оның мүшелерi құрамының жартысынан астамы бар болған жағдайда өкiлеттi.
      12. Кеңестiң шешiмi қатысушы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданып, хаттамамен ресiмделедi, Төрағаның қолы қойылады және мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, жергiлiктi әкiмдердiң аппараттарына және өзге де мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
      13. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мүшелерi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және Жоғары Төрелiк Сотының Төрағасы Кеңестiң мәжiлiстерiне қатысуға, өз пiкiрлерiн бiлдiруге және талқыланған кез келген мәселелер жөнiнде тұжырым жасауға, сондай-ақ өз ұсыныстарын енгiзуге құқылы.
      14. Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Заңдылықты, құқық тәртiбi мен сот реформасын қамтамасыз ету бөлiмi болып табылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.